Среда, 21 мая, 2025
No menu items!

Қазақстан әскер саны бойынша әлем рейтингінде қай орында?

Басқа ақпараттар

Әлем елдерінің рейтінгінде тұрақты әскер саны бойынша Қазақстан 166 елдің ішінде 70 орында тұр. Бұл туралы Еnergyprom.kz жазды.

Мәліметке сүйенсек, Қазақстан Қарулы күштерінің тұрақты әскер саны – 39 мың. Қарулы Күштерге жатпайтын әскерилендірілген құрылымдарда 31,5 мың адам жұмыс істейді.

Яғни Қазақстанда 70,5 мың әскери адам бар. Ол дегеніміз әр 10 мың тұрғынға 38 әскери адамнан келеді деген сөз.

Қытай, Үндістан, АҚШ әскерилер саны бойынша рейтингіде алдыңғы қатарда.

ТМД елдерінің ішінде Ресей (5 орын), Украина (21 орын), Әзірбайжан (41 орын), Өзбекстан (63 орын), Беларусь (64 орын), Армения (66 орын) елдері Қазақстаннан жоғары тұр.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз