Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

АИ-92 бензині неге арзандамайды? Энергетика министрі жауабы

Басқа ақпараттар

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині бағасын ұстап тұру үшін қандай жұмыстар істеліп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-да өткен брифингте журналистер министрден Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензині неге арзандамай жатқанын сұрады.

«АИ-92 бензині бойынша, керісінше, бағаны сақтап қалдық. Қазіргі басты міндет — осы баға деңгейін ұстап тұру. Кейбір өңірлерге бағаны 187 теңге деп белгілеуге тура келді. Неге екенін түсіндірейін.

Мысалы, ШҚО. Мұнай өңдеу зауыттарынан барынша қашықта орналасқан шалғай өңірлер бар, жанар-жағармайды, оның ішінде бензинді тек автотасымалдаушылар жеткізетін өңірлер де бар. Яғни, ол жақтарда теміржолдар жоқ. Біз мұндай жекелеген өңірлерде шығынсыз жеткізуге мүмкіндік беру үшін қосымша баға 187 теңге деңгейіне дейін көтеріледі деп келістік.

Сонымен, 92-бензин құнын төмендету міндеті қазір қажет емес. Оны сақтау мәселесі тұр», — деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Оған қоса, министрдің айтуынша, егер бағаны қазір төмендететін болса, «бұл жанармайдың бұл түрінің одан да көп шығынына әкеледі, сонда шынымен де тапшылық болады».

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img