Басты бет Мақала Керек кеңес Дұрыс тамақтану жолдары

Дұрыс тамақтану жолдары

Спорт-денсаулық кепілі. Дегенмен дұрыс тамақтанбасақ, денсаулығымыздың мықты бола қоймайтындығы да анық.  Себебі, дұрыс тамақтану  артық салмақ қоспауымен қатар  адамның өзін сергек сезінуіне септігін тигізеді. Бірақ   қарбалас тіршілікте  уақытылы әрі дұрыс   тамақтануға мән бере бермейтіндігіміз де даусыз.  Ал сізді күнделікті жеп жүрген тағамдарыңызды   қай уақытта жеу дұрыс екеніндігі  ойландыра ма? Ойландырса, төмендегі кеңестерді оқып көріңіз.

 Банан

Бананды күндізгі  уақытта жеген дұрыс. Себебі, ол  тез асқорытуға көмектеседі, іштің қыжылын бәсеңдетеді. Ал  түнгі уақытта банан жеу сілекейдің көп бөлінуіне алып келіп,  асқорыту жүйесін бұзуы мүмкін.

 

Сүзбе

Сүзбені түнде жеген  жөн, себебі ол   асқорытуға көмектеседі. Ал   салқын тиіп, жөтеліп жүрген кезде  таңертең жесеңіз сілекейдің көп бөлінуіне әкелеуі мүмкін.

 

 

Күріш

Күрішті күндіз жеген дұрыс. Себебі,    организм  көмірсуды күндіз жақсы қабылдайды. Ал күрішті түнде жеу, артық салмақтың көбеюіне әкеледі.

 

 

Қант

Адамның организмінің  қантты қорытуға таңертең ғана қауқары жетеді. Ал оны түнде жеу зиян. Себебі, қант артық салмақ қосып қана қоймай, асқорыту жүйесін бұзады, ұйқыңыздың нашарлауына әкеледі.

 

Ірімшік

Вегетариандар үшін ірімшік еттің орнын басатын бірден бір тағам. Және оны белгілі бір мөлшерден асырмай таңертең жеген дұрыс. Ал егер мөлшерден артық жейтін болсаңыз, салмақ қосып,  іштің желденуіне әкеледі. Және ірімшікті түнде жеу,  асқорытуды бәсеңдетеді.

 

Алма 

Алманы таңда  жеген жөн.  Оның қабығында  ішек жұмысына көмектесетін пектин көп. Ол ішектегі жағымсыз нәрселерді жояды. Ал алманы түнде жеу  организмдегі қышқылды көбейтеді.   Және түнгі уақытта пектин асқорыту жүйесін бұзуы мүмкін.

Exit mobile version