Среда, 2 апреля, 2025
No menu items!

Алматыда 7 700 қызмет көрсету нысанының жұмысы жанданды

Басқа ақпараттар

Алматыда 7 700 қызмет көрсету нысаны қайта жанданды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкім орынбасары Мақсат Қиқымов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, 120 ірі кәсіпорын мен қаланың 51 базары жұмысын бастады.149 азық-түлік сауда желілерінің, гипермаркеттер мен супермаркеттердің 146-сы өз қызметін қалпына келтірген, қалған 3-уі 28 қаңтарға дейін ашылады.

«Алматының азық-түлік емес сауда нысандарына келетін болсақ, бүгінде 110-ның 99-ы өз қызметін жандандырды, қалған 11-і ақпан айының соңына дейін жұмысын бастайды. Бүгінде қаланың 93 сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің 87-сі жұмыс істейді, қалған 6 нысан қалпына келтіру қызметін жүргізеді», — деді Алматы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, ол бүгінде Алматыда 220 жанар-жағармай құю бекеттерінің 190-ны жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«23 желілік жанар-жағармай құю бекеттері зақымдануды қалпына келтіріп, ақпан айының соңына дейін іске қосылады, өртенген 2 станция мамыр айының ортасына дейін, ал 5 желілік емес жанар-жағармай құю бекеттері 30 қаңтарға дейін өз қызметін қалпына келтіруді жоспарлап отыр»,- деді ол.

Қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының басым бөлігі жұмыс істеп тұр. Наурыз айының ортасына дейін 15 нысан, 1 мамырға дейін тағы 2 нысан іске қосылады.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз