Атырауда ВИЧ жұқтырды деген екі трансвестит ұсталды

Басқа ақпараттар

Атырау қаласында ВИЧ-инфекциясын қасақана жұқтыруға қатысты күдікпен екі адамның заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Тергеу деректеріне сәйкес, жасы 23 және 28-дегі азаматтар 2025 жылғы желтоқсаннан бері ВИЧ-инфекциясы бойынша арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, трансгендер тұлға ретінде танысып, ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Жедел іс-шараларды Атырау облысы полиция департаменті-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша өзінде ВИЧ-инфекциясы бар екенін біле тұра өзге адамды жұқтырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, ықтимал жәбірленушілердің тізбесі анықталып жатыр. Әрбір дерекке құқықтық баға беріліп, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз