«JAIDARMANOPENAIR» фестивалі өтеді.

Басқа ақпараттар

2022 жылы 30 тамыз күні сағат 20.00-де Алматы қаласындағы Көк Төбе демалыс саябағында, еліміздің танымал жайдарман топтары арасында арнайы Республикалық Алматы қаласы 1/4 финалдық сайыстарына іріктеу кезеңі – «JAIDARMANOPENAIR» фестивалі өтеді.

Фестиваль Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылмақ. Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен өз аймақтарындағы додаларда топ жарып жүрген мықты командалар қатысатын болады.

Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері қатысады.

Кеш жүргізушісі Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы қаласы филиалының директоры, сценарист, продюсер – Құлымбетов Оңдасын.

Байланыс телефоны: « Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ
«Алматы КВН» филиалының директоры
Құлымбетов Оңдасын
+7 707 818 34 75

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз