Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Батыл бол, солдат!

Басқа ақпараттар

Төпелеп төбеңнен құйғанда жауын,

Күртең су болса да, жан жаурамасын.

Сынақ деп ұғайық сынын Алланың,

Өтеді күн заулағасын.

Қиын шақ- ұғынсақ, өтпелі уақыт,

Түсірме еңсеңді, алға адымда.

Бағала тасты емес кеткен уатып,

Алтынды қолда барында.

Сынаққа шыдамау әлсіздің ісі,

Үмітін күдігі жаулап алатын.

Жанартау жігерді бір сілкіндірші,

Күшің бар тау қопаратын.

Алыстан іздеме жат пен жақынды,

Ең басты дұшпаның, досың да — өзің.

Өзіңнен жеңілме, болғын ақылды,

Болмасын тосылған кезің.

Сонда кеп атады арайлап таңдар,

Армандар тұрады алдан қол бұлғап,

Әр істе болады бір бағыт-бағдар,

Сондықтан батыл бол, солдат!

Әсем ҚҰЛМАНОВА

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img