Нұр-Сұлтан қаласының Қазмедиа орталығында онлайн форматта «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің онлайн отырысы өтті.

Шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, ҚХА мүшесі, «Қазақстан ұйғыр жастар одағы» РҚБ төрағасы Рустам Кайрыев, сонымен қатар ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдарының өкілдері, республикалық жастар бірлестігінің, «Ассамблея жастары» РҚБ көшбасшылары, еріктілер қатысты.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов:

– Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастарымен, Жастар ұйымдары мен қоғамдастықтардың өкілдерімен жастармен жұмыс қызметінің өзекті мәселелері мен бағыттарын талқылау үшін кездесіп отырмыз. Қазіргі уақытта жаңа жастар ұйымы қабылдаған шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігі жастар бастамаларын дамытудың негізгі индикаторы болып табылады. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы біздің жастар алдында ҚХА жастар қозғалысын бірыңғай республикалық жастар ұйымына айналдыру туралы маңызды міндет қойғанын білесіздер. Өткен айдағы оқиғалар білім беруді арттыру, әл-ауқат және жастар қоғамдастығын қолдау мәселелері біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі мәселелері болып табылатынын көрсетті, – деп атап өтті.


Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында 2021 жылғы 17 қарашада «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі ресми тіркелген болатын. «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев өз сөзінде аз уақыт ішінде қоғамдық бірлестік көп жастарды қамтып, ауқымды жұмыстар бастап кеткенін айтты.

– Жыл басында елімізде орын алған келеңсіздіктер жастармен тығыз жұмыс жасау керектігінен хабардар етті. Біз өткізетін шаралар жастардың білімін шыңдап, біліктілігін арттыруға септігін тигізбек. Алдағы уақытта біздің ұйым осы ретте алты бағыт бойынша жұмысын жалғастыратын болады. Сол секілді идеологиямыздың бағыты «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбына саяды. Ілгеріде атап өткен бағыттарымыз: «Social Assembly», «Бірлік тілі», «Ел мұрасы», «Таза орта», «Қасиетті парыз» және «Jastar media». «Ассамблея жастары» азаматтық бірлестік ретінде ҚР Президент беріп отырған басым бағыттар бойынша жұмыс жасайтын болады, – деді Т.Жұмырбаев.

Отырыс модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі әлеуметтік желілер қарым-қатынас тетігі ғана емес, сондай-ақ өзекті қоғамдық мәселелерді талқылау алаңына айналғанын айта келе, осыған байланысты, «Ассамблея жастары» жаңа ұйымы өз қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде медиа-жобаларды дамытуды белгіледі деп атап өтті.

– Бұл үшін ұйым мүшелері әлеуметтік желілерде аккаунттар құрды, жиынтығында Ассамблеяның дербес медиа-ресурсы бола алатын жаңа ақпараттық жоба бойынша ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ қызметінің тағы бір негізгі бағыты Қазақстан этностарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау болмақ. Тарихтың ортақтығы идеясы біздің жастарымыз үшін әлеуметтендіруші күш ретінде жастар арасында біздің өткенімізге құрметпен қарауды тәрбиелеудің өзектілігін дәлелдейді. Жаңа ұйым осы бағыттағы жобаларды іске асыруда өз орнын табуға тиіс, – деді М.Әзілханов.

«Ассамблея жастары» РҚБ қызметінің тағы бір негізгі бағыты Қазақстан этностарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау болмақ. Тарихтың ортақтығы идеясы біздің жастарымыз үшін әлеуметтендіруші күш ретінде жастар арасында біздің өткенімізге құрметпен қарауды тәрбиелеудің өзектілігін дәлелдейді. Жаңа ұйым осы бағыттағы жобаларды іске асыруда өз орнын табуға тиіс. Бұл жұмысқа жаңа ұйым белсенді атсалысуы керек. Ұлттық еріктілер желісінің үйлестірушісі және «Asyl mura» жобасының елшісі Татьяна Шолудько жастарды этномәдени бағытта тәрбиелеу – идеологияның маңызды бағыттарының бірі деп атап өтті.

– «Ассамблея жастары» дәл осы бағытта жұмыс жасайтыны қуантады. Этноеріктілік – бұл әрбір ұлттың мәдениетін, дәстүрін құрметтеу, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, діни топтардың тілін табу. Біз жоба аясында кіші гранттар және қоғамдық топтармен жұмыс жасадық. Мені таңқалдырғаны – қоғамдық топтарға жиналған 14 пен 73 жастағы еріктілер ешқандай бізден сыйлық не қаржылай көмек алмай-ақ, өз істерін соңына дейін беріліп жасайтыны. Жоба барысында еліміздің бай тарихымен танысқан еріктілер көп нәрсені білмейтіндіктерін айтып жатады. Біз ұлттық жоба ретінде этномәдени саласында одан әрі жұмысымызды жалғастыра береміз. Қуанышымызға орай, біз ендігі «Ассамблея жастарымен» бірлесе жұмыс жасайтын боламыз, – деді Татьяна Шолудько.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов шараға қатысушыларды жастар арасында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты одан әрі жалғастыруға шақырды.