Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада 97 медаль жеңіп алды

111

XVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 97 медаль жеңіп алды, оның ішінде 13 алтын, 21 күміс және 63 қола медаль. Жеңімпаздар Astana IT University және ҚБТУ сияқты жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім беру гранттарына ие болды.

Айта кетейік, биыл Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысушылардың рекордтық саны, дәлірек айтқанда, әлемнің 21 елінен 1 200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Ресей, Румыния, Норвегия, Үндістан, Болгария, Грузия, Вьетнам, Индонезия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан және т.б. елдер бар. Зияткерлік жарысқа Қазақстан атынан 200-ден астам оқушыдан құралған 32 команда қатысты.

«Халықаралық Жәутіков олимпиадасы қазақстандық және шетелдік мектеп оқушылары арасында жыл сайын танымал болып келеді. Биыл байқауға қатысушылардың саны 2021 жылмен салыстырғанда 200 адамға көп болды. Олимпиада кезінде қатысушылар математика, физика және информатикадан күрделі есептерді шығарады. Мұндай зияткерлік сайыстар балалардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларды топта жұмыс істеуге, достық қарым-қатынас орнатуға үйретеді», – дейді Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі директорының м.а. Алмас Ордабаев.

Айта кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ қолдауымен Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.