25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабалайды Jas.kz.
Экипаж мүшелері дер кезінде катапульт жасап, аман қалды. Қазіргі уақытта ұшқыштар дәрігерлердің бақылауында, ал оқиғаның себептерін анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды.
Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.
Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
