Суббота, 12 октября, 2024
No menu items!

«Дю Солей» циркі жайлы не білесіз?

Басқа ақпараттар

«CIRQUE DU SOLEIL» («Күн циркі») — ойын-сауық ұйымдастыру бағытында жұмыс істейтін канадалық компания. 1984 жылы Лали Берт пен Жилем Сент-Круада негізі қаланған. Өздерінің көрсетілімдерінде жануарларды қатыстырудан түбегейлі бас тартқан принциптерімен әлемге танылған олар бүгінде таңдаулы әуен, ерекше дизайн және хореографияны бірдей ұштастырып отыр. Яғни олар цирк әлеміне жаңа бір леп әкелген деп есептеледі.

33 жылдық тарихы бар әйгілі  «CIRQUE DU SOLEIL» циркінің құрамында қазақстандықтардың да барын білесіздер. Себебі олар дәстүрлі түрде қай елдің әртісі өздерінің құрамында өнер көрсетсе, сол елдің туын тіккен сахналарына іліп қояды.

Цирк бес мемлекетте бір уақытта сегіз түрлі шоу көрсете алуымен ерекшеленеді.

Қазақстанның Халықаралық мамандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында эксклюзивті «REFLEKT» шоуын қойғанын білерсіздер?

Бұл «Дю Солей» циркінің көпжылдық тарихында белгілі бір мемлекет үшін алғаш рет арнайы дайындаған бағдарламасы болды. Шоу режиссері толығымен Сақтар жайлы ақпараттанған және оны Қазақстанның тарихы ерекше әсерге бөлеген.

Бүгінде күллі әлемге танымал цирктің тарихы 20 көше әртісінің бастамасынан өрбіген еді..

Авторы: Қайратов Жантас Қайратұлы

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img