Воскресенье, 10 ноября, 2024
No menu items!

Жатақхана қызықтары (ІI бөлім)

Басқа ақпараттар

«Посылка»

Жатақхананың кейбір заңдары оның кейбір тұрғындарының көңілінен әсте шыға бермейді. Мысалы кешкі он бірден кейін ішке кіре алмау немесе таңғы жетіге дейін сыртқа шыға алмау. Әсіресе, достарыңмен кештетіп қыдыру үшін, ауылдан салып жіберген «арнайы посылканы» таңғы пойыздан күтіп алу үшін вахтер апаймен ұзақ уақыт «келісуге» немесе түсініктеме жазып кетуге тура келеді.

Бірде Самат пен Марат та кешкі қаланы бірге қыдырып, кино көріп, «донердің» дәмін татып қайтуға бел буды. Асығып жүрген досына көмектеспек болған Марат «посылка күтіп аламыз» деп түсініктеме де жазып тастады. Сөйтіп кешкі он бірге қарай сыртқа шығып кетті. Стипендияның қызығына түсіп, жатақхананың алдына түнгі 3-те бір-ақ келген екеуі есікті қаға бастады. Біраз уақыттан кейін есікті ашқан Гуля апай бұларға жақтырмай қарады.

–Иә, бұл не жүріс? Барыңдар, кірмейсіңдер!

–А-а-пай, біз түсініктеме жазып кеткенбіз! Сенбесеңіз, қарап көріңіз үстеліңізді. Біз пойыздан «посылка» күтіп алып келе жатырмыз — Марат Саматтың бүйірінен түртіп қалды.

–А,а солай ма? Қане, ішке кіріңдер! Дұрыстап сөйлесейік.

Бір-біріне жымыңдай көз тастаған екеу Гуля апайдың ізіне ілесті. Өз үстеліне жайғасқан «қатал» апай бұлардың түсініктемелерін оқып күліп жіберді.

–Сендер кімді мазақ етіп тұрсыңдар, а? Мұнда сағат 3-те шығып кетеміз депсіңдер ғой. Ал сендер бұл уақытта келіп тұрсыңдар! Айтыңдаршы, ал, қай пойыздан күтіп алдыңдар «посылкаларыңды»?

Бір-біріне жаутаң-жаутаң етіп қараған екеуі сәл абдырап қалды.

– А-а-пай, не ғой, «Сарыағаш-Астана».

– Ал, посылкаларың қайда?

Самат іштей «Біткен жеріміз–осы. Қазір-ақ бізді жатақханадан қуып жіберетін шығар» деп қиналып тұрғанда Марат қалтасынан банкоматын алып шығып:

– Міне, апай!- деді қуана тіл қатып.

– «Посылкаларың» екеуіңе қатты ауыр болған жоқ па?

Ызадан жарылардай ашуланып тұрған апай мысқылдай сөйледі.

– Жоқ. Жігіттердің үні бәсеңдей бастады. Ал Гуля апай болса:

– Қазір, мен көрсетейін сендерге өтірік айтқанның қандай болатынын! — деп, телефонынан пойыздар тізімін қарай бастады.

– А-а, солай деңдер. Өкінішке қарай, сендер ертерек қайтыпсыңдар. Ал «Сарығаш-Астана» таңғы 6-да бір-ақ келеді екен.

Гуля апай екеуіне тесіле қарап тұр. Жігіттердің мазасы қашайын деді.

– А-апай, кешіріңізші, біз… біз… жай…

– Жоқ, өтірік айтқан қалай екен? Мені алдамақшы болдыңдар ғой, иә?! Қане, қазір барып түсініктеме жазыңдар!

Ұялғаннан жүздерін төмен салған жігіттер апайдың кабинетіне қарай аяңдап бара жатты. Самат Маратқа қарап:

– Достым, өтірікті де ұйқастырып айтпаса, қиын болады екен ғой, ә?! — деді жымиып.

Әсем Құлманова

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img