Жаңа стартап-идея ойлап табудың жолдары

4712

Өзіңізден сұраңыз: Қай жүзеге асырылған өнім ең қиыны? Оны оңайырақ қылу үшін қандай қарапайым әрекеттер жасай алар едіңіз? Қайтадан сұраңыз: неге «бірнәрсе» дұрыс емес және мәселені қалай шешуге болады?

  • Сізде жақсы стартап-идея болу үшін идеяларыңыз өте көп болу керек, идея «өндірісін» іске қосыңыз.
  • Мәселелер кездескен уақытта оның барлық шешімдерін қарастырыңыз
  • Әр түрлі саладан хабарыңыз болсын, дүниетанымыңызды кеңейтіңіз. Инновациялар әр түрлі салалардың тоғысуынан пайда болады.
    Технологиялар мен интернеттен жиі бас тартып, айналаңызға көңіл бөліңіз, өзгеше ойлаңыз.
  • Үнемі өзіңіздегі қызығушылығыңызды, ақыл-ой белсенділігіңізді, сергектігіңізді сақтап отырыңыз.
    Креативті, шығармашылық адамы болу – ол әдет, сол әдетті тұрақты сақтаңыз.
  • Адамдар белгілі бір мәселені талқылайтын белсенді форум табыңыз. Сол мәселенің шешімі сіздің жаңа стартап-идеяңыз болуы әбден мүмкін.
    Әрдайым кішкене қойын дәптер мен қалам ұстап жүріңіз де, идея ойыңызға келген бойда жазып жүріңіз.
  • Үйге, сабаққа, жұмысқа әр түрлі бағытпен барыңыз.
  • Идеяларыңыз туралы достарыңызбен сөйлесіңіз, ақылдасыңыз. Идеяның тұжырымдамасын өзгертіп, қайтадан ақылдасыңыз, талқылаңыз.
    Сәтті жасалынған жобалар мен соңғы жаңалықтар мен үрдістерден хабардар болыңыз