Павлодарда күдікті полиция көлігін айдап қашып, жол апатына себеп болды

Басқа ақпараттар

Павлодарда дүкенге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкерлерінен қашып шығып, патрульдік автокөлікті айдап кеткен. Қашқан күдіктіні ұстау үшін бірнеше полиция экипажы жұмылдырылып, оқиға жол-көлік апатымен аяқталды, деп хабарлайды Jas.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ызғытқан азаматтың соңына 13 бірдей патрульдік экипаж түскен. Суыт жүрісінің салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция ұрлық жасап, қызметтік көлікті айдап кету деректері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер кісі мас болған. Ал апаттан опат болғандар жоқ. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз