Президент Қазақстан мен Қытайдың арасындағы ынтымақтастыққа деген қарсылыққа қатысты пікір білдірді.
«Қытайға келетін болсақ, бұл біздің ең жақын көршіміз, Құдай қосқан көрші деуге болады. Біз көршілерімізді ауыстыра алмаймыз. Екіншіден, Қытай өзінің экономикалық дамуында табыстарға жетті. Олармен ынтымақтасуымыз керек. Біздегі ауылшаруашылық тауарын өндірушілер Қытай нарығына үлкен үміт артады… Қытай бізге жамандық жасаған жоқ. Керісінше өткен жылдың 11 айында арамыздағы сауда көлемі 17 миллиард долларға жетті, біз одан әрі дамуға мүдделіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қытай тілін үйреніп, ынтымақтастықта болуға шақырды.