Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Лаура Демесінова: «Болашақпен» оқуға түсу шарттары өте қарапайым»

Басқа ақпараттар

Лаура, «Болашақ» бағдарламасына биыл 26 жыл болса, Қауымдастыққа 18 жыл толады екен. Құтты болсын! «Кәмелет» жасқа келген Қауымдастық биыл қандай жобалармен жаңарды?

Рақмет! 2019 жылы біз жас мамандарға жұмысқа орналасуға және кәсіптік дамуда нақты қолдау көрсететін «Мансап Орталығы» секілді жобаларымызды одан әрі іске асырудамыз. Бос жұмыс орындар мен жұмыс іздеу қызметі бар тегін hr.bolashak.kz онлайн-платформасы жұмысын жалғастыруда.

«Bolashaq Education» бағыты бойынша білім беру іс-шаралары мен жобалары өткізіледі. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен басқа да аймақтардағы «Біздің біліміміз — Біздің елге» атты жобасының аясында лекциялар. Сонымен қатар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Жастар Отанға!» инновациялық идеялар фестивалі жоспарланған.

2019 жылдың 12 қаңтарында «Bolashaq» Қауымдастығы Жастар жылының ашылуы қарсаңында Қазақстанның жетекші кәсіпкерлерінің қатысуымен «Bolashaq Business Forum» өткізді. Басқа өңірлерде жыл бойы форум өткізу жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.

Қауымдастықтың 18 жылдық жұмысының нәтижесі бойынша ең танымал жобалары:

  • «Bolashak Business Cases» — Қазақстандағы алғашқы бизнес-кейстер жинағы;
  • «Startup Bolashak» стартап-жобалар конкурсы;
  • Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша «Мансап орталығы» жобасы;
  • «Bolashaq books» Қазақстандағы алғашқы қоғамдық кітапханалар желісі;
  • «Жастар кадрлық резерві»;
  • «Біздің біліміміз — Біздің елге» лекциялар мен кездесулер өткізу;
  • «Bolashaq Business Forum» бизнес-форумы;
  • және тұлғалық даму дағдыларын, кәсіпкерлік дағдыларын, сарапшылық әлеуетін және т.б. дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Мүшелікке ену үшін бағдарлама негізінде білім алушылар, түлектері болуы заңды ма?

Қауымдастыққа «Болашақ» түлектері ғана емес, біздің идеологиямызды бөлісетін азаматтар да қосыла алады.

— «Bolashaq» Қауымдастығының аймақтағы бөлімшелері санаулы ғана екен. Орал, Шымкент, Алматы қалаларында ғана бар екен. Неліктен? Алдағы жоспарда әр аймақты қамтиды ма?

Шындығында, Қазақстанның көптеген қалаларында корпоративтік қорлар бар, алайда Алматы, Шымкентте және Орал қалаларындағы қорлар ең белсенді болып табылады.

— Байқағаным, бітіруші түлектердің қатарында әртүрлі сатыдағы басшылар, ел алдында жүрген тұлғалар көп кездеседі екен. Оларға қатысты ақпараттық жұмыстары да қарқынды. Әртүрлі саладағы өзге түлектер туралы неге аз айтылады?

Әртүрлі салаларда қызмет ететін бағдарламаның түлектері жайлы Қоғамдастық әрдайым айтып отырады. Мысалы, әлеуметтік желілердегі ресми парақшамызда «Болашақ түлектерінің хикаялары» және «Жетістік туралы хикаялар» айдарлары бар.

— Жастар жылы аясында жұмыссыз жастар үшін «Мансап орталығы» бос жұмыс орындарын ұсынып жатыр екенсіздер. Қандай нәтиже бар? Неше жас жұмысқа орналасты?

2014 жылдан бастап «Bolashaq» Қауымдастығының «Мансап орталығы» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты — жас мамандарға, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мансаптық өсу және дамуда көмек көрсету. Қазіргі уақытта мамандардың дерекқоры құрылса, сонымен қатар www.hr.bolashak.kz онлайн-платформасы қызмет етеді. Апта сайын біздің менеджерлер жұмыс берушінің сұранысы бойынша түйіндемелерді іріктейді және ішкі түйіндемелер дерекқорынан сәйкес келетін үміткерлері іздейді. 2018 жылға қарай 100-ден астам адам жұмысқа орналасты.

— Болашақ бағдарламасына бұрын гуманитарлық бағытқа көп грант жүйесі бөлінген екен, техникалық салаға қаншалықты назар аударылуда?

Қазіргі уақытта шамамен 1300 стипендиат білім алуда. Қазақстандықтардың арасында ең танымалы, бұл  — әлеуметтік және гуманитарлық мамандықтар (53%), ал инженерлік-техникалық мамандықтар одан сәл төмен (38%). Стипендиаттарының 7% шет елдерде медициналық мамандық бойынша, ал 2% — шығармашылық мамандықтар бойынша білім алуда.

— Шет елден бірнеше жыл білімін жетілдіріп келіп, жұмысқа орналаса алмай жүргендер бар. Оған басты себеп не? Әлде, креслодан орын іздейді ме?

Жұмыспен қамту туралы айтатын болсақ, жоғарыда аталып өткен Қауымдастықтың «Мансап Орталығы» жобасын жүзеге асырудағы бес жылдық тәжірибесі негізінде, көптеген жұмыс берушілер «Болашақ» түлектерінің өз командаларында көргілері келеді, әсіресе білім беру саласында, яғни университеттерде, колледждерде және т.б. жерлерде. Бүгінде алты мыңға жуық түлек өзіне жүктелген міндеттемелерін орындады. Төрт мыңнан астам түлектер еңбек дамуын бақылау деп аталатын тізімде тіркелген. Шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне еңбек нарығындағы сұраныс өте жоғары болып табылады.

— Болашақтың түлегі ретінде бағдарлама негізінде білімін жетілдіруге ниетті жастар үшін қандай кеңес айтар едіңіз?

«Болашақ» бағдарламасына түсу шарттары өте қарапайым және ешқандай қосымша күшті талап етпейді. Егер әлемдегі ең үздік университеттерден білім алғыңыз келсе, онда өзге тілдерді меңгеруге кеңес беремін. Көптеген үміткерлер ағылшын тілінің деңгейін растайтын кезеңінде шалыс басады. Сондықтан ағылшын тілінің деңгейін көрсететін IELTS немесе TOEFL сертификатын өз бетіңізбен тапсырып алғаныңыз жөн.  2019 жылы техникалық мамандар үшін бұл 5.0, мемлекеттік қызметкерлер үшін 5.5, жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер үшін  6.5. Келесі жылы жалпы бәсекелестік 7.0 болуы мүмкін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айдана Әлиарыстан

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз