Бұл сомадан жалақы, тұрғын үй жалдау және коммуналдық шығындарды төлеу қарастырылған.
Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетованың сауалына жауап берген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзге өңірлерден жұмысқа келген мұғалімдер екі есе жалақы алатын аймақтарды атады. Олар:
- Атырау облысы;
- Маңғыстау облысы;
- Алматы облысы;
- Түркістан облысы.
Үздік педагогтерді ынталандыруға арналған жаңа бағадрлама биылғы қыркүйек айынан бастап іске асады. Оған 3,9 млрд теңге жұмсау көзделген.
3,9 млрд теңге екі мәселені қамтиды. Біріншіден, мұғалімдердің екі есе жалақы алуы және бұған қоса тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды төлеу ескерілген. Біздің заңнамаға сәйкес, тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемақыны тек жергілікті бюджеттен бере аламыз. Сондықтан жергілікті бюджетке ауырпалықты түсірмес үшін және заңнаманы бұзбау үшін бұл мәселені жалақы арқылы шешіп отырмыз. Мәселен, Мұнайлы ауданына көшіп баратын мұғалім қыркүйек айында жалақы алатын болса, онда оның жалақысы 790 мың теңгеге жуық болады. Сол 790 мыңның 140 мыңға жуығы коммуналдық шығындар, ал 650 мың теңгеге жуығы – жалақысы, – деді Білім және ғылым министрі.