Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі Қазақстан өнері талқыланды

Басқа ақпараттар

Бүгін, 2022 жылдың 1 маусымында Жүргенов академиясында еліміздің конституциялық реформалары жағдайында қазақ өнерінің әлемдік әлеуметтік-мәдени кеңістікке интеграциялануы мәселесін талқылауға арналған «Қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі Қазақстан өнері» тақырыбында семинар өтті.

Референдум үгіт-насихаты аясындағы шара Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының базасында оффлайн форматта ұйымдастырылды.

Семинарда іс-шараның модераторы — өнертану кандидаты, доцент Ольга Батурина, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушылары Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінен айқындалған көркемдік білім беру арқылы шығармашыл тұлғаға айналудың мүмкін жолдары туралы түсіндірді.

Баяндамашылар шығармашылық әлеуетті танытуға, көркем ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін және жастардың шығармашылық бағыттағы таңдауына белсенді әсер ететін Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Жаңа Қазақстан» стратегиясының маңызына тоқталады.

Іс-шараға академияның оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 45 адамды құрады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img