Бокстан Азия чемпионаты: Диас Молжігітов жартылай финалға жолдама алды

Басқа ақпараттар

 Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Диас Молжігітов жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта ширек финалда жапониялық Дайга Сунагамен жұдырықтасуы тиіс болатын.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, жапон спортшысының шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды. Осылайша, Диас Молжігітов 8 желтоқсан күні финал жолдамасы үшін Украина-Түрікменстан жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Диас кемінде қола жүлде алады.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз