Қазақ дизайнер Нелли Смағұлова Анкара төрінде жаңа топтамасын таныстырды.

Басқа ақпараттар

Қазақ дизайнер Нелли Смағұлова Анкара төрінде жаңа топтамасын таныстырды.
Орал қаласының тумасы Нелли Смағұлованың жеке бренді – «Nellys.Vintage» – түрік қауымының сүйікті брендтерінің біріне айналып үлгерді. Бұл бренд әйелдер мен ерлерге арналған, бауырлас ел қазақ пен түрік өмір салтынан шабыт алынған бренд.
Түркияға көшпес бұрын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған Нелли
магистрлік диссертациясын Ұлыбританиядағы Essex университетінің құқық факультетінде қорғаған. Қазіргі таңда Анкарада мода саласын дамытып, дизайнерлік қауымдастықпен белсенді жұмыс істеп жүрген жерлесіміз қазақ мәдениеті мен өнерін де шығармашылық жұмыстарына енгізуді ұмытпайды.
«Nellys.Vintage» бренді 3 жыл ішінде Каппадокия мен Анкарада коллекцияларын таныстырып, Түркияның танымал тұлғаларының сүйікті киімдеріне айналды.
2025 жылғы 5 қыркүйекте бренд «Қыс-Күз 2025/2026» жаңа топтамасын таныстырды. Іс-шараға 150-ден астам қонақ қатысты.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз