Шымкентте шала туған нәрестенің көзіне жоғары технологиялы операция жасалды

Басқа ақпараттар

Шымкент қаласында дәрігерлер жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген шала туған нәрестеге сирек кездесетін әрі жоғары технологиялы операция жасады, деп хабарлайды Jas.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.

Нәресте небәрі 790 грамм болып туған. 16 ақпаннан бастап ол перинаталдық орталықтың мамандарының тұрақты бақылауында болып, салмағы 2015 грамға жеткенге дейін қажетті медициналық көмек көрсетілген. Кешенді тексеру барысында шала туумен байланысты асқынулар анықталған.әрестеде шала туғандарға тән ретинопатия (белсенді кезең, II аймақ, III саты) анықталды. Перинаталдық орталықтың мамандары аталған патологияға ота жасады. Уақтылы ем жүргізілмеген жағдайда көздің тор қабығында өзгерістер болып, көру қабілетін жоғалту қаупі жоғары болатын еді. Ауру дер кезінде анықталып, қажетті ем толық көлемде көрсетілді», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Жоғары дәлдікті әрі барынша зейінді талап ететін хирургиялық араласу жоспарға сай өтті. Ота барысында ешқандай асқыну тіркелмеген.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы тұрақты. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, сәби анасының қасында жалпы бөлімшеге ауыстырылды.

 

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз