Боксшы Данияр Елеусіновтың жұбайы көршілерін ұрып-соқты деген күдікке ілінді

Басқа ақпараттар

Қарағанды қаласының Майқұдық шағынауданында тұрғын әйелдер мен Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтың жұбайы Саида Елеусінова арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Jas.kz.

Тұрғындардың айтуынша, олар Саида Елеусінованың тарапынан жасалған шабуылдың құрбаны болған. Алайда Елеусінова бұл айыптауларды жоққа шығарып, жағдайды арандатушылық деп атады.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, түскен арыздар бойынша қылмыстық істер тіркелген.

Зардап шеккендер денсаулықтарына келтірілген зиянның деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз