Атырау маңында бұрын жоғалған ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды

Басқа ақпараттар

Атырау қаласының маңындағы Геолог ықшамауданынан бұрын хабар-ошарсыз кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары — Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Jas.kz Ақжайыққа сілтеме жасап.

Мәйіттер осыған дейін күдікті Сұлтан Сарсемалиев жұбайы Ақбаянмен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан анықталған.

Кеше Сұлтан Сарсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Алматы қаласына жеткізілген. Тергеу барысында Сұлтан Сарсемалиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың мәйіттерін бұрын Геолог ықшамауданында жалдап тұрған үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер аталған мекенжай бойынша қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде үй ауласынан екі адамның мәйіті табылды.

Еске салайық, жоғалған тұрғындарды іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылып, арнайы жылжымалы штаб құрылған. Үйдің ауласы мен оған іргелес аумақтар арнайы техникамен, соның ішінде георадарлардың көмегімен тексерілгенімен, алғашқы іздеу кезінде нәтиже болмаған.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз