Қазақстанда емделуге зейнетақы қаражатын пайдалану тәртібі өзгеруі мүмкін

Басқа ақпараттар

Қазақстанда емделу мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігін барынша ашық әрі түсінікті ету жоспарланып отыр. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Jas.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кейбір азаматтардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы салдарынан көпшілік бұл мүмкіндіктен айырылып қалған.

«Халықтың шамамен 10 пайызы қаражатты мақсатсыз пайдаланғандықтан, қалған 90 пайызы осы мүмкіндіктен айырылып қалғаны өкінішті. Сондықтан 2026 жылдың соңына дейін бұл үдерісті толық онлайн форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жүйеде стоматологиялық клиникалар мен медициналық қызмет көрсететін барлық мекемелер болады. Онлайн форматта орындалған жұмыстардың актісі рәсімделеді, Денсаулық сақтау министрлігімен интеграция жасалады. Осылайша барлық үдеріс ашық әрі түсінікті болады», — деді Ләззат Ибрагимова.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тіс емдеуге арналған зейнетақы қаражатын шешуге өтінім қабылдау 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін уақытша тоқтатылған еді. Мұндай шешім жалған құжаттар мен заңбұзушылықтардың анықталуына байланысты қабылданған.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз