Ұлытау облысында төрт баланың анасы қаза тапты: күдікті қамауға алынды

Басқа ақпараттар

Ұлытау облысының Жәйрем кентінде төрт баланың анасы қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде марқұмның 33 жастағы бірге тұратын азаматы анықталған, деп хабарлайды Jas.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өзіне зиян келтіруге әрекеттенген. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр, тәулік бойы полицияның күзетіне алынған.

Соттың санкциясымен күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ведомствоның хабарлауынша, емдеу аяқталғаннан кейін ол бірден тергеу изоляторына қамалады.

Полиция департаменті бұл істің тергелуі ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз