Астанада өрттен үш бала қаза тапты: өрт сөндірушілерге жолды бөгеген жүргізуші жазаланды

Басқа ақпараттар

Астанада өрт кезінде аулаға кіреберісті жауып тастаған автокөлік жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jas.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Өрт 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнында — 15-қабаттағы пәтерден құтқарушылар үш баланың мәйітін тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бір әйелді аман алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Астана қалалық ТЖД мәліметінше, өрт кезінде үйдегі дабыл және хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа түскен. Алайда өртті сөндіру жұмыстары аулаға кіреберістің жабық болуы мен заңсыз қойылған көліктердің салдарынан қиындаған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ереже бұза отырып тұраққа қойылған көлік оқиға орнынан дереу алынып тасталды. Жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінде қауіпсіздікке қатер төндіріп, жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін құқықбұзушылықтарға қатаң шара қолданылатынын атап өтті.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз