Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Басқа ақпараттар

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды Jas.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу барысында оның алдау жолымен сенім білдірушіні жаңылыстырып, ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешу үшін лауазымды тұлғаларға берілетінін айтып, ақшалай сыйақы беруге көндіргені анықталды.

Нәтижесінде адвокат алаяқтық жолмен сенім білдірушіден 31 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.

Жезқазған қалалық сотының үкімімен адвокат 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң консультанты қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Соңғы жарияланымдар

Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды құрықтады, деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз