Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Көк түтін қала

Басқа ақпараттар

1948 жылдың 28 қазанының таңы, АҚШ.

Пенсильвандық Донора қаласы үшін бұл күн әдеттегідей басталмады. Тұрғындар таң ата қалаға түскен қалың тұманның шын мәнінде түтін екенін бірден білген жоқ. Көбісі мұны әуелде табиғи құбылысқа балады.

Бірақ түтін барған сайын қоюлана берді. Әрі тұрғындар тұншыға бастады. Жөтелу, естен танып құлау, албаты сөйлеу, қан қысымының көтерілуі сияқты мазасыздық белгілері көбейе берді. Бірақ тұрғындар үйреншікті тіршілігін мейлінше жалғастыра беруге тырысты.

29 қазан күні түтіннің қоюланғаны сонша, ақыры ештеңе көрінбей қалды. Осы күні қайғылы оқиғалар орын ала бастады. Кісі өлімімен қоса, үй жануарларының өлімі тіркелді. Дәріханалар мен аурухана бір толастамады. Қалада паника басталды.

Донора қаласы ©timkovach.com

Донора қаласы ©timkovach.com

Донора қаласы ©timkovach.com

Донора — Американың құрыш құю алыбы — Пенсильвания штатының қаласы еді. Мұнда құрыш құю алпауыты U.S. Steel компаниясының зауыттары бар-тын. Қала басшылығы мен тұрғындар сол зауыттардан шығатын түтінге назар аударды. Олар зауыттардың өкілдерімен кәсіпорынның мұржасынан шығатын түтінді азайту жөнінде мәмілеге келді.

Донора қаласы ©timkovach.com

Түтін тұманы тек 31 қазан күні барып сейілді: оны түстен кейін жауған жаңбыр басты. Бірақ осы оқиға экологияны қорғау саласы үшін үлкен сабақ болды. Алғашқы рет — өндіріс пен қоршаған ортаның қатынасы жөнінде мәселе қозғалып, кейін Таза ауа туралы Заң мен басқа да нормативтердің дүниеге келуіне себеп болды. Кейін мұндай заңдар дүние жүзі бойынша қабылдана бастады. Ендеше экологияны қорғау ілімі мен қозғалыстардың қалыптасуына тап осы Донора оқиғасы түрткі болды деуге болады.

Донора оқиғасына ескерткіш ©hmdb.org
Донора оқиғасына ескерткіш ©hmdb.org

Кейінгі зерттеулер қалаға түтін тұманының түсуін — үш фактордың орайласа қалуынан деп тұспалдайды. Біріншісі — қаптаған болат-мырыш балқыту зауыттарының мұржаларынан будақтаған түтін. Екіншісі — Донора қаласы ойыста орналасқан екен. Ал үшіншісі — сол күндері ауа райы ерекше тымық бопты.

Дереккөздер: VIASAT HISTORY; donorasmog.com сайты

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img