Понедельник, 7 июля, 2025
No menu items!

«Светоч» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды

Басқа ақпараттар

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласынан 25 шақырым жердегі Малотимофеевка ауылында орналасқан «Светоч» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бастамасымен қолға алынған шара ойдағыдай өтті. 32 бала мереке қарсаңында ән мен биден шашу шашты. Тәуелсіздік расында осындай бал бөбектеріміздің еркін ойнап, мәз-мейрам боп шаттағаны емес пе?!

Ұйымдастырушылар қызықты ойындар арқылы балалардың интеллектуалды деңгейін де байқап көрді. Жанарларында жалын бар балапандардың болашақта кім болғысы келетінін де сұрадық. Бірі дәрігер, бірі журналист болғысы келсе, араларындағы ең кішкентай қыз ізгілікті жырлайтын ақын болғысы келетінін айтты.

Бөгенбай даңғылында орналасқан Октоберфест мейрамханасында жайылған ақ дастархан балалардың көңілін көкке көтергендей. Тәуелсіздігіміз – Тәңірдің сыйы. Сол сыйдың қадірі мен бағасын жете түсінетін азамат болсын деген игі тілегіміз бар.

Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз