Бейжің олимпиадасында еліміздің көк байрағын 29 жастағы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен 30 жастағы конькиші Екатерина Аидова ұстап барғаны мәлім. Киімдерімен жанкүйерлердің көңілінен шыққан бұл екі спортшымыз ел қоржынына жүлде сала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер.
Ал бұған дейінгі ту ұстаушылар қалай өнер көрсетті?
🇧🇻 Норвегия, 1994 жыл.
23 жастағы Қайрат Биекенов (шаңғымен тұғырдан секіру)
Орташа тұғырдан секіру: 59 спортшы бақ сынаған сайыста 49-орынға тұрақтаған.
Үлкен тұғырдан секіру: 58 спортшы бақ сынаған сайыста соңғы орынды иеленген.
🇯🇵 Жапония, 1998 жыл.
33 жастағы шаңғышы Владимир Смирнов.
15 шақырымдық қашықтықта қола жүлде алды (87 қатысушы)
10 км: 4-орын (97 қатысушы)
30 км: 12-орын (75 қатысушы)
50 км: 8-орын (79 қатысушы)
Командалық эстафета: 16-орын (20 команда)
🇺🇸 АҚШ, 2002 жыл.
29 жастағы конькиші Радик Бикчентаев.
1500 метр: 48 спортшының арасында 19-орын.
5000 метр: 32 спортшының арасында 19-орын.
🇮🇹 Италия, 2006 жыл.
37 жастағы Александр Корешков.
Топтық кезеңде 5-орын (6 команда)
🇰🇿Қазақстан🆚🇸🇪Швеция 2:7
🇰🇿Қазақстан🆚🇺🇸АҚШ 1:4
🇰🇿Қазақстан🆚🇷🇺Ресей 0:1
🇰🇿Қазақстан🆚🇸🇰Словакия 1:2
🇰🇿Қазақстан🆚🇱🇻Латвия 5:2
🇨🇦 Канада, 2010 жыл.
24 жастағы биатлоншы Диас Кенешов.
Жекелей сайыс: 88 спортшының арасында 72-орын.
Спринт: 88 спортшының арасында 72-орын.
Командалық сайыс: 19 команданың ішінде 18-орын.
🇷🇺 Ресей, 2014 жыл.
28 жастағы шаңғышы Ердос Ахмадиев.
15 км: 91 спортшының арасында 54-орын.
50 км: 64 спортшының арасында 48-орын.
🇰🇷 Жапония, 2018 жыл.
25 жастағы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев.
500 метр: 33 спортшының арасында 9-орын.
Командалық сайыс: 8 елдің ішінен 7-орын.