Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережесі өзгереді

Басқа ақпараттар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, қорға өтініш жазады:
1) Еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін өтініш:
  • жалпы еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы бастапқы анықтау кезінде;
  • өтініш беру уақытында жалпы еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін мемлекеттік корпорация арқылы белгілеу кезінде.

Өтініш «бір өтініш» қағидаты бойынша беріледі.

Мынадай жағдайларда өтініш қабылданады:

  • тиісті облыстың медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің орналасқан жері бойынша бергенде;
  • көшпелі, баратын отырыстарда;
  • өтініш берушінің тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша медициналық мекемелердің базасында;
  • емделген жері бойынша мамандандырылған мекемелерде;
  • өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
  • үйде, стационарда — егер адам денсаулығына байланысты дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына cай медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;
  • сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға жарамсыз немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде болған кезде, «Еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау» қызметі стандартында айқындалған құжаттар негізінде куәландырылатын адамның немесе заңды өкілдің келісімі;

2) мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

Бұл ретте асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалына жүгінеді;

3) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

мемлекеттік корпорация (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда);

жұмыспен қамту орталығы – адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындауға «бір өтініш» қағидаты бойынша жүгінген кезде;

жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда портал арқылы;

«Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде осы портал арқылы;

4) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы мемлекеттік корпорация арқылы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін;

5) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін:

Мемлекеттік корпорация және портал арқылы өтініш беруге болады.

Айта кетейік, бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметі арқылы алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш баланың туылуы тіркелгеннен кейін қаралады.

Бұйрық 2022 жылғы 15 ақпанда күшіне енеді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img