Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Студенттер оқу орнында жасаған өнімдері арқылы табыс тауып жүр

Басқа ақпараттар

Қазақстандық колледж студенттері оқу орнында өздері жасаған өнімдері арқылы табыс тауып жүр. Мысалы, наубайшылар пісірген торттарын, кондитерлік өнімдерін және т.б. өнімдерін сатады.

Студенттер Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен бір жыл бұрын қабылданған заңнамалық норманың оң әсері бар екенін айтты. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова «БҒМ LIVE» айдарында хабарлады. Тікелей эфир министрліктің Facebook-тегі парақшасында жүргізілді.

Жоғарыда аталған норма студенттерге колледждердің материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, табыс табуға мүмкіндік береді.

«Жас маман» жобасы аясында қазақстандық колледждер Германия, Италия, Ресей және т.б. елдерден заманауи жабдықтар сатып алды. Нәтижесінде колледждердегі оқу процесінің сапасы ғана емес, студенттердің оқуға деген қызығушылығы да артты.

«Колледж студенттері оқу орнының жабдықтарын өз тауарларын сату үшін пайдалануға мүмкіндік алды. Мысалы, Тараз қаласында студенттер жасаған жартылай фабрикаттарды сататын дүкен ашты. Мұндай жаңашылдық оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, студенттеріміздің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img