Понедельник, 7 июля, 2025
No menu items!

Утильалымның жаңа мөлшерлемесі қашан белгіленетіні белгілі болды

Басқа ақпараттар

Ақпанның аяғына дейін утильалымның жаңа мөлшерлемесі белгіленеді.

Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және қаражатқа иелік ету функциялары мемлекеттің 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымы — «Жасыл Даму» АҚ-қа берілгенін еске салды.

«Директорлар құрамы бекітілді. Айта кетерлік жайт, директорлар құрамына қоғам өкілдері кірді. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП алаңында күн сайын утильалым мөлшерлемелерін қайта қарау мәселесі бойынша қоғам, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдар қатысқан жұмыс тобының отырыстары өтіп жатыр, — деді министр.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін кабель және сым өнімдерін кәдеге жарату төлемдерін жинауды тоқтату туралы шешім қабылданғанын еске салды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен осы айдың аяғына дейін мөлшерлемелерді қайта қарау бойынша жұмысты аяқтаймыз», — деп түйіндеді Брекешев.

Дереккөз: TengriNews

Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз