Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

«Мұғалім боламын десеңіз»: Аймағамбетов педагогтерге арналған ұлттық тестілеу туралы айтты

Басқа ақпараттар
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға арналған міндетті біліктілік тестілеу туралы жазды.
«2021 жылы алғаш рет педагогикалық бағытта білім алған 32 мың түлекті тесттілеуден өткіздік.
Тестілеу пилотты түрде өтті. Бірақ енді жаңа ережелерді қабылдағаннан кейін, биылдан бастап түлектер мектепке жұмысқа орналасу үшін педагогикалық жоғары білімі туралы дипломының болуы жеткіліксіз», дейді министр.
Оның айтуынша, енді қосымша тестілеуден өту арқылы «Педагог» біліктілігін алуға міндетті.
Бұл қалай жүзеге асырылады?
«Бәрі өте қарапайым.
Мысалы, төрт жыл бойы математика мұғалімі мамандығын оқыған студент мектепке жұмысқа орналасуы үшін Ұлттық біліктілік тестін тапсыратын болады. Тестілеу сұрақтарында математика бойынша мектеп бағдарламасы мен сол пән бойынша сабақ беру әдістемесі қамтылады.
Жоғары оқу орнында шын мәнінде төрт курс оқып, қажетті білім алған студенттерге тест тапсыру қиындық тудырмайды.
Ал бірқатар себептермен білімі мен қабілеті балаларымызды оқытуға жеткіліксіз түлектер білім беру ұйымдарына қабылданбайды. Бізге сан емес, сапа маңызды. Тиісті деңгейде білімі жоқ түлектер балалармен жұмыс істемеуі керек», делінген жазбада.
Министрдің айтуынша, кейбір түлектерді, атап айтқанда, оқу бағдарламасын тиісті деңгейде игермеген және алған дипломдарының негізінде ғана жұмысқа орналасуға ниет білдіргендерді енгізілген тәртіп қуантпайтыны анық.
«Кейбір университеттерге де бұл шешім ұнаған жоқ, өйткені, бұл олардың жұмысының деңгейі мен сапасын айқын көрсетті.
Бірақ біз жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің сапасын жақсарту мақсатында, мектепте қызмет етуге тек мықтылар келуі үшін жұмысты әрі қарай жалғастырамыз.
Аталған тиімді тұстарынан бөлек, бұл шара студенттерді диплом үшін ғана оқуға емес, шын мәнінде сапалы білім алуға ынталандырады деп үміттенемін. Ал жоғары оқу орындары тиісті сапада білім беруге міндетті болады.
Бұл шешімді барлығы бірдей оң көзқараспен қабылдамайтыны белгілі болды. Бірақ мен оның маңызды әрі қажет екеніне сенімдімін.
Егер ұшқыштар немесе аудиторлар мен адвокаттар қызметіне кірісуі үшін жауапты емтихан тапсыратын болса, балалармен жұмыс істеуді алғаш рет бастайтын педагогтер сынақтан өтуі қажет емес пе», деп жазды Асхат Аймағамбетов.
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img