Бейжіңдегі қысқы Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Спортшыларымыз Олимпиадада бірде-бір жүлде жеңе алмады. Дегенмен жүлделі орынға жақын нәтиже көрсеткен спортшыларымызға сыйақы беріледі. Мысалы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке 500 метр қашықта төртінші орын алғаны үшін 30 000 доллар сыйақы беріледі.
Сондай-ақ, Абзал мен аралас эстафетаға қатысқан Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бесінші орын үшін 10 000 доллардан алады.