Вторник, 3 декабря, 2024
No menu items!

Қазақстандық ғалым қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасуша ойлап тапты

Басқа ақпараттар

ҚР БҒМ Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы геномды редакциялау көмегімен I типті қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасушаларды ойлап тапты. Бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге ғана емес, сонымен бірге оның денедегі деңгейін өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді. Болашақта құрылым науқас пациенттердің безіне трансплантацияланады.

«Біздің бұл әдісіміз бірегей болып есептеледі. Жасуша геномын өңдеу үшін қолданылатын CRISPR технологиясын пайдалана отырып, біз инсулин синтезіне жауап беретін ұйқы безінің жаңа жасушалық тізбегін жасадық. Нақты түсіндіріп өтсем, алынған жасушалар ерекше сипатқа ие, яғни жарықтың әсерінен олар инсулин деңгейін жоғарылатуы немесе оны төмендетуі мүмкін. Негізгі мақсатымыз І типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдерін табу болды. Атап айтқанда, өзінің табиғи инсулинін шығаратын жасушалық терапияны табу болды», — деп айтты Әлжанұлы.

Бүгінгі таңда әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді. Қазіргі уақытта дүниежүзі ғалымдары трансплантациялауға болатын жасушаларды әзірлеумен айналысып жатыр. Қазақстандық биотехнолог өз жұмысында бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы бірегей нәтижелерге қол жеткізді.

«Дифференциация және геномды редакциялау әдістерін біріктіру арқылы осындай нәтижеге қол жеткіздім. Бұл қорытындының бірегейлігі мен өзге әдістерден артықшылығы осында. Дифференциация — бұл адамның бағаналы жасушаларын ағзадағы кез келген органның жаңа жасушаларын алу үшін материал көзі ретінде пайдалану әдісі. Зерттеу кезінде бағаналы жасушалардан өңделген геномы бар ұйқы безінің жасушаларын алдық. ДНҚ-ны редакциялау әдісі — бұл гендік инженерия, ДНҚ-ның жеке құрылымдық элементтерін өзгерту. Яғни бұл жерде біз алынған ұйқы безінің жасушаларынан бірегей қасиеттерге қол жеткізгеніміз туралы айтып отырмыз. Дәлірек айтқанда, жасушалар инсулин деңгейін өз бетінше реттей алады. Бұл —  әлемде алғаш рет ойлап табылған әдіс, — деп түсіндірді ғалым.

Бақытжан Әлжанұлы 2018 жылы Канадада ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастап, былтыр оны еліміздегі М.А.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының базасында сәтті аяқтады. Қазіргі таңда қолданыстағы хаттамаларды жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Тимур «Акула» Серікұлы Семей қаласында өтетін Naiza 70 турнирінде өнер көрсетеді

Оның қарсыласы корейлік Ли Се Кун болады (5-4). Корей спортшысы өзінің соңғы жекпе-жегін Naiza-да Нұрбек Қабдрахмановқа қарсы өткізіп, үшінші раундта...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img