Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

«G2J» алаңында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Басқа ақпараттар

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің оңтайлы шешімдерін іздеу мақсатында «Жастар» ҒЗО базасында АҚДМ вице-министрі Александр Данилов, Қазақстандағы Отбасы Банкінің өкілдері, Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сарапшылар және басқалардың қатысуымен «G2J» («Government to Jas») сараптама алаңының отырысы өтті.

«Тұрғын үй сатып алу мәселесі жастарды ең көп алаңдататын негізгі мәселелердің үштігіне кіреді. «Жастар» ҒЗО деректеріне сәйкес, жастардың жартысынан азында (41,2%) таяудағы екі жылда өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі белгілі бір жоспарлары бар.» — деді «Жастар» ҒЗО директоры Азиз Искаков.

Жиын барысында жастар үшін тұрғын үйді жалдау және жеңілдетілген ипотекалық кредит беру құралдарын дамыту, сондай-ақ студенттік жатақханалардың құрылысы мен қолжетімділігі мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижелері бойынша қолданыстағы бағдарламалардың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру үшін қоғамдық қызмет, МЖӘ, құрылыс саласындағы сарапшыларды, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, жеке стратегиялық сессия ұйымдастыру жоспарлануда.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img