Каролис Янулис атты литван фотограф дрон арқылы жоғарыдан адам, ғимарат, табиғат көлеңкелерін түсіреді.
Фото: Karolis Janulis/Rex Shutterstock
Каролис Янулис атты литван фотограф дрон арқылы жоғарыдан адам, ғимарат, табиғат көлеңкелерін түсіреді.
Фото: Karolis Janulis/Rex Shutterstock
Бундеслиганың 6-турында Бавария Вольфсбургты қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың бас қаһарманы әлбетте Роберт Левандовски. Жарақатына байланысты ойынға 2-таймда қосылған Роберт 9 минутта (51, 52, 55, 57, 60) 5 гол соқты.
Қазақстанда тұңғыш рет балаларға арналған 3D ойыншықтар шығарылатын болады. Бұл жайында бүгін журналистермен кездескен «Бибісара» компаниясының директоры Исатай Ансат мәлімдеді.
«Бибісара» компаниясы жиырма жылдан астам уақыттан бері көпқабатты үйлердің аулаларындағы спорттық нысандарды салумен айналысып келеді. Келер жылдан бастап сол алаңдарға үлкен 3D қуыршақтарды жасауды қолға алмақ. Компания директорының айтуынша, ойыншықтар түгелдей каучуктен жасалады және олар балалардың денсаулығына еш зиян емес.
«Қазіргі заманда бүлдіршіндерге арналған ойын алаңдарында тек гипстен жасалған ойыншықтар қойылған. Соған байланысты, біз келер жылы 3D ойыншықтар жасауды қолға алып отырмыз», — дейді компанияның жетекшісі.
Сонымен қатар, аталған компания соңғы екі айдан бері балалар ойын алаңдарына төсеуге түрлі-түсті плиталар жасап шығаруда. «Көптеген елдердің плита жасау әдісін зерттей келе, біз Түркияның тәсіліне тоқтап отырмыз дейді ол. Бұлар бес жылға дейін жарамды. Плита мұздай пресспен жасалып, артынша ыстық пеште кептіріледі», — дейді ол.
Apple 2019 жылы өзінің электромобилін шығаруға ниетті.
Америкалық Wall Street Journal басылымының мәліметтеріне қарағанда, Apple корпорациясы өзінің жеке электромобилін шығару үшін жұмыс күшін ұлғайтып жатыр. Компанияның мамандары өндіріс мүмкіндіктерін саралау үшін бір жылдың ішінде зерттеу жүргізіп, ондай көлікті шығарудың қаншалықты тиімді болатынын бақылады. Осындай мақсатта олар Калифорния штатындағы шенеуніктерден кеңес алды.
«Ақыры Apple электромобильді жасайтын мамандарының санын үш есеге арттыруды шешті, бұрын олар 600 адам болған. Бұл жобаға «Титан» деген атау берілді. Сонымен қатар, корпорация жүргізушісіз көліктерді жобалаушы сарапшыларды жұмысқа алды, алайда, басылымның мәлеметінше, бірден жүргізушісіз жүретін көліктерді шығару жоспарда жоқ», — делінген агенттіктің жарияланымында.
Айта кетейік, Apple қандай да бір автомобиль компаниясымен күш біріктіруі мүмкін, бірақ нақты қайсысымен екені белгісіз.
Голливуд жұлдыздары, ерлі-зайыпты Анджелина Джоли мен Брэд Питт сириялық жетім баланы асырап алмақшы.
Басылымның мәліметінше, Джоли Сирияға гуманитарлық сапары кезінде аздап ағылшынша сөйлейтін ағайынды үш баланы кездестіреді. Балалардың аналарының жарылыстан қаза тапқанын, ал әкелерінің құлдықта екенін естіген актриса үшеуін де асырап алуды ұйғарады. АҚШ-қа қайта оралған ол күйеуіне өз ойын айтады. Дегенмен үш баланы бірдей асырап алуға Брэд Питт келісе қоймаған. Ерлі-зайыпты ағайындылардың біреуін асырап алу туралы ортақ шешімге келеді.
Айта кетейік, сириялық жетім баланы асырап алу ісі жарты жылға дейін созылуы мүмкін.
Джоли мен Питтің алты баласы бар. Жұлдызды жұп олардың үшеуін асырап алған: 14 жастағы Мэддокс Камбоджадан, 11 жастағы Пакс Въетнамнан, ал 10 жастағы Захара Эфиопиядан.
Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасын өткізеді.
Мүшәйраның ережесі алдын-ала жолданып, газеттер мен әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Жалпы. 50-ден астам үміткерден сұраныстар мен өлеңдер түсті. Қазылар алқасының іріктеуінен 10 ақын қорытынды кезеңге жолдама алды. Мүшәйраға Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Өскемен және т.б. қалалардан жас ақындар қатысты. Жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбековтің атынан дипломдармен және арнайы бағалы сыйлықтамен марапатталады. Үздік деп танылған осы 10 ақынның шығармалары арнайы жинақ кітабына енгізіледі.
Жыр додасына «Қазақстан» РТРК төрағасының шығармашылық жөніндегі орынбасары Қайнар Олжай, ақын Жанат Аймұхамбетова, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Темірбай және жас ақын Ажар Ерболған төрелік етеді. Жыр кешін танымал ақын Қалқаман Сарин жүргізеді. Мүшәйра барысында марапаттау салтанатымен қатар, белгілі әншілер Клара Төленбаева, Ибрагим Ескендір т.б. өнер көрсетеді. Сонымен қатар, шара басында бірқатар ел зиялылары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталады.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тағылымды іс-шара ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қала басшылығы, белгілі ақын-жазушылар, жас ақындар, белсенді жастар мен студенттер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Іс-шара 2015 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 18.00-де «Тілеп» қобыз сарайында өтеді.
Қазақтың волейболшы қызы, сұлулығымен әлемді тамсандырған Сабина Алтынбекова Жапонияның GSS Sunbeams клубына ауысты.
Алтынбекова «күншығыс» еліне тамыз айында кетіп қалған және 1 айдан бері аталған клубтың сапында жаттығу жасап жүр. Қазақ спортшысымен келісімшарттың жасасқанын жапон клубының басшылары тек бүгін ғана мәлімдеді.
Айта кетейік, GSS Sunbeams клубы Токио қаласының намысын қорғайды және ел біріншілігіндегі жарысын қараша айының орта тұсында бастамақ. Аталған клуб ел чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсетеді.
Қазақстандық жас режиссер Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» кинотуындысы 8 қазан күні отандық прокатта көрсетіле бастайды.
Бұл фильм «Партизандық кино» қозғалысы аясын да түсірілген болатын. Яғни, үш бастапқы қағида негізінде: бюджеттің болмауы немесе оның тым аз болуы, өзекті әлеуметтік аспект, шектелген реализм мен қарсылқ формасы.
Естеріңізге сала кетейік, аталған фильм осы жылдың маусым айында Мәскеуде өткен Халықаралық кинофестивальге қатысып, осы фильмдегі ойыны үшін актер Еркебұлан Дайыров «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алған болатын.
Ал, фильм режиссері Жасұлан Пошанов көпшілікке «Жел қызы» (2010 ж.), «Жұлдыздарға арналған коктейль-2» (2011 ж.) фильмдері мен «Сұңқар» (2013 ж.), «Күләш» (2013 ж.) сериалдары арқылы жақсы таныс.
«Шлагбаум» фильмінің сюжеті өмірде болған оқиға желісімен түсірілген. Бұл туынды қоғамда белең алған әлеуметтік мәселелерді көтереді.
Фильмдегі басты рөлдерді танымал актер Еркебұлан Дайыров, әнші, әрі актер Дидар Каден және Алдаберген Шалбаев сомдайды.
Бүгін елімізде тұратын барлық диаспора өкілдерінің ортақ мерекесі — Қазақстан халықтарының тілдері күні. Бұл мерекені Қазақстанда өмір сүріп келе жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған.
Елбасы 1998 жылдың 20 қаңтарында 22 қыркүйекті Қазақстан халқының тілдері күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Сонымен қатар, биыл Қазақстан халқы ассамблеясының жылы. Осы датаға байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде ҚХА-20 жыл айдарымен түрлі әлеуметтік маңызы бар шаралар ұйымдастырылып келеді.