Домой Блог Страница 245

Қаржыны дұрыс жұмсаудың алты алтын ережесі

14400404099vx5e_1000x768Мектеп қабырғасында да, жоғарғы оқу орнында да бізді ешкім қаржыны дұрыс жұмсауға үйретпейді. Қаржы өмірдегі басты мақсат емес, дей тұра жақсы өмір сүрудің ең қажетті құралы екені анық. Сондықтан қаржылық тәуелділікке түсіп қалмас үшін біз Сіздерге ақшаны дұрыс пайдаланудың алты алтын ережесін ұсынамыз.

Шығыныңыз табысыңыздан аз болсын

Қаржыны дұрыс пайдаланудың бірден бір ережесі бар болса, ол – Сіз жұмсайтын ақша мөлшері табатың ақшаңыздан асып түспеуі керек. Осы бірінші алтын ережені өзіңізге міндет көріңіз.

Бұл жерде шығындарға несие бойынша төлемдер, коммуналдық төлемдер, азық-түлік пен балабақша төлемдері, және т.б. кіреді. Осы басты ережені сақтамасаңыз, басқа кеңестердің сізге көмегі тиетіні екі талай.

Әрбір тапқан ақшаның бір бөлігін жинап отырыңыз

Әдетте, әрбір табыстың  небары 10% — 15% депозитке салып тұрсаңыз да, жылдың соңында қомақты ақша жиналып қалады. Бұл бірінші ережеге сәйкес келеді. Себебі белгілі бір уақыт аралығында Сізде тұрақты резевр қалыптасады.

Қаржыларыңызды бір қалыпқа келтіріңіз

Несие мен несие карточкалары неғұрлым көп болса, ақшаның қайда кетіп жатқанын қадағалау да соғұрлым қиындай түседі. Таң қалмаңыз, бірақ ақша сақтауға арналған депозиттер мен есепшоттардың саны да қаражатты қадағалауды қиындатады. Сондықтан, барлық карточкалар, несиелер, депозиттер мен есепшоттарыңызды тағы бір рет тексеріп, артықтарын біріктіруге, не болмаса жауып тастауға тырысыңыз.

Болашақтағы табысқа сенбеңіз

Қаржы қадағалаудың ең қу жауы – өзіңіз. Әсіресе «болашақ мен» және сол «болашақтағы менің табысым». Әрине, қиялдай алған жақсы. Себебі «болашақ мен» ертең жалақысы миллион болатын жұмыс табады, жолда келе жатып, кенеттен байып кетуге көмектесетін ақша тауып алады, не болмаса, жоғары лауазымға ие болады. Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз – «болашақ мен» болашақта қазіргіден де аз ақша табуы мүмкін.

Жеке бюджетіңізді қадағалаңыз

Оған арналған бағдарламалар қазір өте көп. Оларды ұялы телефонға не болмаса жеке компьютеріңізге жүктеп алсаңыз болады. Не болмаса, қарапайым Excel бағдарламасын қолданса болады. Екі баған жеткілікті: бірі – кірістеріңіз, екіншісі – шығыстарыңыз. Ең бастысы, уақытылы толтырып тұрсаңыз болды. Айдың соңында ақшаның қандай мөлшері керек нәрсеге, қанша ақша керек емес нәрсеге кеткенін көретін боласыз.

Коммуналды төлемдерді мұқият тексеріңіз

Көп жағдайда біз түбіртектегі 500 тенгеден аспайтын сандарды байқамаймыз. Әдетте олардың арасына сіз мүлдем пайдаланбайтын радио, қоқыс шығару, баяғыда істен шығып кеткен байқау камерасының төлемі сияқты төлемдер қосылады. Санап келгенде жылдың соңында артық төлеген ақшаның мөлшері Сізді таң қалдыру мүмкін.

comode.kz

Бердібек Соқпақбаевтың қанатты сөздері

Белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романынан алынған қанатты сөздер топтамасы:

Бердібек Соқпақбаевтың қанатты сөздері

Қазақ асықпай-саспай, бабымен тойлағанды ұнатады.

***

Соғыста өлем-ау немесе жараланып, өмір бойы қор болып, кемтар болып қалам-ау деген ой онша күйзелтпейді. Өлетіндер өздерінің нашарлығынан, ебедейсіздігінен өліп жататын тәрізді.

***

Соғыс деген ол сұмдық! Соғыс ол апат! Соғыс адамды қор ету!

***

Жаман әдет жұқпалы деген рас…

***

Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса адам адам емес, баяғыда-ақ періште болған болар еді…

***

Ерді намыс өлтіреді деген рас сөз. Ауыр тұрмыс адамның тауын шағып, мұқатады екен.

***

Әйел затын, жалпы, нәзік деп атайды ғой. Бос сөз. Мықтының ең мықтысы, көнбістің ең көнбісі әйелдер екеніне мен кіммен де дауласуға бармын.

***

Еркектер зорығып өлетін ауыр жұмыстарды бұ күндері қыңқ деместен әйелдер атқарып жүр. Оның сыртында, үй тіршілігін істейді, бала өсіреді, кәрі ата, енелерін күтеді.

***

Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!

2015 жылдың ең беделді актерлері

Әрбір сала 2015 жылдың қорытындысын жариялаған болатын. Әлемдік ең үлкен кинематографиялық қор да қой жылы ең көп сұранысқа ие болған ең беделді актерлердің тізімін жариялады. Соны Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Тізім бірнеше салуалнама негізінде жасалып, 2015 жылда ең көп сұранысқа ие болған актер жандарды анықтауға арналған. Рейтинг жыл сайын жаңарып тұрады. Қой жылының қорытындысы қандай болды екен?

1-орын

tomhardyhot

Тізімді бастап тұрған 38 жасар Том Харди. Бұл жыл Том үшін шынымен де табысты болды. Жұбайы Шарлотта Райди оған екінші бала сыйлады. Және осы жылы Том түскен екі фильм жарыққа шықты: «Безумный Макс: дорога ярости» және «Легенда». Айтпақшы, «Безумный Макс» киносы АҚШ кинокритиктер ассоциациясының қорытындысы бойынша жыл киносы атағына ие болды. Құттықтаймыз, Том!

2-орын

emilia-clarke-in-io-donna-july-2015_5 (1)

Екінші орынди иеленгер актрисаның есімі Эмилия Кларк.  Көрермендер оны «Игра престолов» телехикаясы арқылы көбірек тани бастады. Ал 2015 жылы ол «Терминатор» фильміне түскен болатын. Алайда, бұл кинокартина жақсы бағағаға ие болмады.

3-орын

margot-robbie-margo-robbi-1666

Тізімдегі қола алқаны иеленген актриса — «Волк с Уолл-стрит» киносының жарқын жұлдызы Марго Роббин. Биылғы жылы Марго бірталай шу шығарған «Отряд самоубийц» жобасына да қатысып үлгерді.

4-орын

dakota-johnson-wallpaper-dakota-johnson

Американдық актриса және модель Дакота Джонсон тізімнің 4-ші орнын иеленді. Дакота түсетін кинолар әдетте көпшілік көрерменнің көңілінен шығатыны көрінеді. 8 Оскар сыйлығына ие болған «Социальная сеть» киносынан бастап осы жылғы ең шулы туынды «Пятьдесят оттенков серого» киносына дейін.

5-орын

Даддарио

Рейтингтың ортасына Александра Даддарио жайғасты. 2015 жылы Александра ойнаған екі кино жарыққа шықты: «Последний человек на Земле» және «Разлом Сан-Андреас». Екі кино да көремендер арасында жоғары бағаға ие болды.

6-орын

rebecca-ferguson

Беатрис Прайордың рөлін сомдайдан 91-жылғы Шейлин Вудли да 2015 жылғы ең беделді актерлердің құрамына кірді. Қой жылы Шейлин үшін «Дивергент 2: Инсургент» киносымен есте қалар.

7-орын

sheylin-vudli

«Миссия невыполнима: Племя изгоев» киносында Ильзаның рөлін сомдаған Ребекка Фергюсон 7-ші орында. 2015 жыл басты рөлді ойнау бұйыртаса да, Ребекка ең беделді 10 актер қатарына кіру да жаман көрсеткіш емес.

8-орын

BryceDallasHowardport-

8-ші орында Брайс Даллас Ховард. Көрермендер оны 2015 жылы «Мир юрского периода» киносынан көре алды. Актриса келесі жылы жарыққа шығатын «Золото» картинасының түсіріліме дайындалып жатқаны көрінеді.

9-орын

rosamund-pike-by-the-door

Опера әншілерінің отбасынан шыққан Розамунд Пайк 9-шы орында. Жеке қорында 28 киносы бар Розмунд көпшілікке 2014 жылы шыққан «Исчезнувшая» фильмімен есте қалды. 2015 жылы актриса ойнаған «Вернуть отправителю» киносы жарыққа шықты.

10-орын

lily-james-3 (1)

Тізімді жас актриса Лили Джеймс аяқтап келеді. 2015 жылы актриса 4 фильмге түсіп үлгерді. Солардың ішінде ерекше орын алатыны «Золушка» туындысы.

comode.kz

 

Қарағандылық студенттер халықаралық фестивальден олжалы оралды

Қарағандылық студенттер халықаралық фестивальден олжалы оралдыҚарағандылық студенттер халықаралық фестивальге қатысып, олжалы оралды.

Сайыс Италияның Флоренция қаласында өткен. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері болашақта жүзеге асатын «Заманауи технологиялар мұражайы», «Ақылды үй», «Салтанат сарайы» мен «Технопарк» сынды нысандардың жобаларын апарыпты.  Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық байқауға 15 елдің 40-қа жуық жоғары оқу орны қатысты. Сайыста жас архитекторлар, құрылысшылар мен дизайнерлердің 200-ден астам жұмысы таныстырылды. Ал жерлестеріміздің төрт бірдей жобасы жүлделі орындарға ие болды.

Марат Иманов, ҚарМТУ кафедра меңгерушісі:

— Биыл халықаралық жарысқа алты жұмысты қойдық, олардың барлығы III, II, I орындарды алып келді. Итальяндық архитекторлар біздің балалардың идеясын, архитектура жағынан өмірге деген көзқарастарына мән берді. Сол елдің үздік архитекторлары осындай шешім қабылдады. Біз осындай талантты студенттеріміздің бар болғанына қуаныштымыз.

24.kz

Жаңа жыл түнінде Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді?

Жаңа жыл түнінде Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді?Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 2015 жылғы 31 желтоқсанда 909 сәби дүниеге келген.

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 235 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында – 106, Алматы қаласында – 83, Астана қаласында – 74, Жамбыл облысында – 72 бала дүниеге келді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келген болатын.

baq.kz

Алексей Полторанин «Тур де Ски» турнирінде қола жүлдегер атанды

Алексей Полторанин "Тур де Ски" турнирінде қола жүлдегер атанды Германияның Оберстдорфе аймағында шаңғы жарысынан классикалық стильдегі «Тур де Ски» турнирінің төртінші кезеңі аяқталды.

Бұл сында өнер көрсеткен жерлесіміз Алексей Полторанин алғашқы үштікке енді. Бірінші орынды норвег шаңғышысы Эмиль Иверсон иеленді. Екінші орын ресейлік Сергей Устюговқа бұйырды.

Шаңғы жарысы. «Тур де Ски». Төртінші кезең. Оберстдорф (Германия)
Ерлер. Спринт. Финал. Классикалық стиль. 1.4 шақырым

1. Эмиль Иверсен (Норвегия) – 2:25.21
2. Сергей Устюгов (Ресей) – +1.03
3. Алексей Полторанин (Қазақстан) – +1.40.

baq.kz

Жұлдызнамаға сәйкес 2016 жылы бай болатын 3 шоқ жұлдыз

razЖұлдызнамаға сәйкес 2016 жылы 3 шоқ жұлдыз кәдімгідей байи алады екен. Шығыс күнтізбесіне, яғни Қытай астрологиясы мен фэн-шуйға назар аударсақ, 2016 жыл – жай ғана Мешін жылы емес, Отты Маймыл немесе Қызыл Маймыл жылы екен. Ал колориметрия ғылымына сүйінсек, Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі есептеледі. Сондықтан дәл осы 2016 — Қызыл Маймыл жылы Жұлдызнаманың 3 шоқ жұлдызына кенеттен баюға барлық мүмкіндік бар.

Бүгінде бай-қуатты болуды армандамайтын адам жоқ шығар. Бірақ та, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Рас, кейде кездейсоқ байығандар кездесіп қалады, бірақ олардың саны өте аз.

Біздің санамызға байлық қажырлы еңбекпен ғана келеді деген ой әбден сіңіп кеткен болса керек, бір жыл ішінде байып кетуге болады дегенге сене қоймайтынымыз да рас. Дей тұра, астрологтардың айтуынша, кенеттен миллионер атануға әркімнің-ақ мүмкіндігі бар, тек қана барлығы бір арнайы уақыт пен сол уақытқа жұлдыздың сәйкес келуі жеткілікті. Қызыл Мешін жылы, яки биыл Жұлдызнаманың қандай 3 шоқ жұлдызы күтпеген жерден есепсіз байлыққа қол жеткізетінін анықтайық. Олар:

Егіздер

z32016 жылдың көктемінде Егіздердің жанынан өте бай, бірақ билікке тым құмар жан табылады. Біздерге белгісіз оқиға негізінде сол адам Егіздердің өмірін күрт өзгертеді. Нақтырақ айтқанда, оның арқасында келесі таңды Егіздер миллионер дәрежесінде қарсы алады. Бірақ өкінішке орай, бәрі емес. Себебі, миллионер болуға басқа емес, Сіз лайық екеніңізді, әрине, көрсете білу керек, дәлелдей алу керек. Астрологтардың кеңесі бойынша, осы жылы Егіздер өзінің жанындағы дәулетті адамдарға ерекше көңіл бөлгені абзал.

Арыстан

z5Арыстандар тым темпераментты, импульсивты жандар. Жұлдызнамаға сәйкес, олар — ойынқұмар. Кейде сол ойынқұмарлықтары жылатып та жатады. Дей тұра, Қызыл Мешін жылы Арыстандар үшін олжалы болмақ. Өкінішке орай, жыл бойы емес. Астрологтардың жормалы бойынша, мамырдың ортасынан тамыздың соңына дейін Арыстандар үшін сәттілікке толы уақыт. Дәл осы уақытта ойынқұмар және баюға ынтызар Арыстандар жай ғана шағын сый емес, Джек-пот ұтып алып, бай адамдардың қатарына қосылуы әбден мүмкін.

Суқұйғыш

z11Суқұйғыштардың шығармашылық фантазиясы мол екендігі ешкімге құпия емес болар. Дәл осы белгі үшін 2016 жыл ерекше болмақ. Ақпан айынан бастап Суқұйғыштар «идея генераторына» айналады. Және сол идеялардың бірі оларды танымал етіп, байлықтың иесіне айналдырады. Алайда бұл болжам ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген Суқұйғыштарға ғана жасалды деп шектеуге болмайды. Ғылымға ешқандай қатысыңыз болмаса да, Сіздің идеяңыз адамның өмірін жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашар. Сондықтан, астрологтар Суқұйғыштарға ойлану мен бай болуды армандаудан жалықпауды кеңес етеді.

Бүгін қазақтың Қадыр ақынының туған күні

Бүгін қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Республикалық «Тарлан», Халықаралық «Азияс» (монғолшадан аударғанда «талант») сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлінің (1935-2011) туғанына 81 жыл.

Бүгін қазақтың Қадыр ақынының туған күні

Ақынның туған күніне орай біз байтақ далада ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір қазақ халқының мінез-құлқын шебер суреттеген Қадыр атамыздың туындыларымен бөлісіп отырмыз.

 

Қазақ осы!

Әнін жазған: Ә. Телғозиев

Е-е-ей!

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы — айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір.

Е-е-ей!

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін.
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы — көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы — алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы — ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Е-е-ей!

Қазақ осы — құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы — дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы — жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық — дәл аты.
Қазақ осы — өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

* * *

Бабалардың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен.
Бір жаманы — тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы — қимаған даланы кең.

Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.
Бір жаманы — кетпенге орашолақ
Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.

Бір жаманы — кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы — күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы — қыздарын малға сатқан,
Бір жақсысы — сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы — сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы — абақты тұрғызбаған…

 

Астанада мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 500 астам пәтер салынады

Астанада мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 500 астам пәтер салынадыБиыл Астанада Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы ауданы 96,55 мың м² құрайтын 2 500 астам пәтер салынады, яғни 1 758 пәтерлік 8 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жж арналған мемлекеттік бағдарламасын аяқтайтын нысандар пайдалануға берілмек: Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай, М. Жұмабаев даңғылының шығысында орналасқан жалпы ауданы 21,8 мың м² құрайтын 310 пәтерлік тұрғын кешендерінің құрылысы; Сарыбұлақ өзенінің бойында Н. Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан жалпы ауданы 3,20 мың м² 62 пәтерлік КТК.

Арендалық тұрғын үй бағыты бойынша Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 14,40 мың м² құрайтын 217 пәтерлік тұрғын үй кешенін, Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 5,10 мың м² құрайтын 95 пәтерлік тұрғын үй кешенін, сонымен қатар, Көктал кентінің оңтүстік-шығысына қарай жалпы ауданы 16,30 мың м² 293 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарланған.

baq.kz

Менделеев периодтық кестесіне жаңа төрт элемент енгізілді

Менделеев периодтық кестесіне жаңа төрт элемент енгізілдіМенделеев периодтық кестесіне ресми түрде төрт жаңа химиялық элемент қосылды. 113, 115, 117 және 118 атом нөмірлері бар элементтерді Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы (IUPAC) растады.

115, 117 және 118-ші элементті Мәскеу облысына қарасты Дубнадағы Ядролық зерттеулер бірлескен институтының, Калифорниядағы Ливермор ұлттық зертханасының және Теннесссидегі Окридж ұлттық зертханасының ғалымдары ашты.

113-ші элементті ашты деген ресми атақ жапондық Жаратылыстану ғылымдары институтының ғалымдарына бұйырды (RIKEN). Осыған орай бұл элементке японий деген атау берілді. Қалған үш элементтің атауын қою құқығы оның негізін қалаушыларға тапсырылады және ол үшін бес ай беріліп отыр. Соңынан оны IUPAC кеңесі ресми түрде бекітетін болады.

Төрт элемент те жасанды түрде синтезделген. Табиғатта, әдетте, амотдық нөмірі бар элементтердің саны 92-ден аспайды (уран). Протондар саны 93-тен 100-ге дейін жететін элементтерді реакторларда алуға болады. 100-ден жоғарылар бөлшектерді жылдамдату күшімен алынады.

Соңғы рет периодтық кесте 2011 жылы кеңейген болатын. Ол кезде 114-ші және 116-шы элементтер қосылды. Оларға флеровий мен ливерморий деген атаулар берілді.

baq.kz