Домой Блог Страница 254

Мысырда «Көшпенділер» трилогиясының араб тіліндегі аудармасы таныстырылды

Мысырда "Көшпенділер" трилогиясының араб тіліндегі аудармасы таныстырылдыКаир қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында «Көшпенділер» трилогиясының араб тіліндегі аудармасы аудармасы таныстырылды.

Шараға қатысқан Қазақстанның Мысырдағы елшісі Берік Арын ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасуының негізгі кезеңдері мен Ілияс Есенберлиннің әдеби мұралары туралы әңгімелеп берді. Ал «Көшпенділер» трилогиясының негізгі аудармашысы, Асуан университетінің профессоры Рияд қонақтарды шығарманың сюжетімен және Есенберлиннің өмірбаянымен таныстырды.

Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Онда бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. Трилогия «Алмас қылыш», «Жанталас» және «Қаһар» деген бөлімдерден тұрады. Ол көптеген тілге аударылған.

kaz.tengrinews.kz

Қазақ фильмі Бішкекте өткен кинофестивальдің бас жүлдесіне ие болды

Қазақ фильмі Бішкекте өткен кинофестивальдің бас жүлдесіне ие болдыҚазақстандық жас режиссер Дархан Төлегеновтің «Таңғы жұлдыздың сәулесі» атты фильмі «Қырғызстан – қысқа метражды фильмдер елі» атты ТМД, Балтық және Грузияның V Халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесіне ие болды.

Фестивальге ұзын-саны 13 туынды келіп түскен. Ал отандасымыз Ерболат Атабай үздік өнері үшін қазылар атынан арнайы сыйлыққа лайықты деп танылды. Ол басты рөлді сомдаған болатын.

24.kz

Әлемге әйгілі футбол жұлдыздары Кувейтте гала-матч ұйымдастырды

Әлемге әйгілі футбол жұлдыздары Кувейтте гала-матч ұйымдастырдыКувейтте әлемге әйгілі футбол жұлдыздары FIFA-ның ескертуіне құлақ ілместен, гала-матч өткізді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Әлем құрамасы мен Кувейт құрамасының арасындағы кездесу «Джабер әл-Ахмад» стадионының ашылуына орайластырып ұйымдастырылған. Аталған матчқа әлемге аты әйгілі Луиш Фигу, Робер Пирес, Андрей Шевченко, Алессандро Неста, Дэвид Бекхэм, Роналдиньо, Карлес Пуйоль, Мичел Сальгадо, Джанлука Дзамбротта, Алексанро Дель Пьеро және өзге де бұрынғы мен қазіргінің аяқдопшылар қатысты.

24.kz

2016 жылы ТМД ұйымының құрылғанына 25 жыл толады

2016 жылы ТМД ұйымының құрылғанына 25 жыл толадыАлдағы жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына 25 жыл толмақ. Келер жылы ұйымға төрағалық ету құқығына ие болған Қырғызстанның бұл ретте сыртқы саясаттағы беделін арттыруға тамаша мүмкіндік бар. Қырғыз елі үшін интеграциялық әрекеттерді қарқынды жүргізіп, қауіпсіздікті нығайту басты қағидалардың бірі болып қала бермек.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының басты ерекшелігі сол, мұнда әр мемлекет тиімді әрекет жасап, тығырықтан шығар жолды бірлесе іздеуді мұрат еткен. Экономикалық және интеграциялық бағытта жұмыла жұдырық болған ұйымға жақында 25 жыл толмақ. Мұнда тәуелсіздігін ту еткен барша мемлекет үшін қауіпсіздік мәселесі басты орында екендігі айтпаса да түсінікті.

Әлемде болып жатқан дағдарыс салдары барлық мемлекетке әсер еткені белгілі. Шетелде болып жатқан түрлі шиеленістер ТМД-ға мүше елдердің одан әрі бірлесе жұмыс істеуіне септігін тигізді. Ал алдағы жылы Бішкекте өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының жиыны көптеген шешімін таппай тұрған сауалдарға жауап беретініне күмән жоқ.

24.kz

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болдыЫстамбұлда Turkvizyon-2015 байқауының гранд-финалы өз мәресіне келіп жетті. Биылғы байқаудың бас жүлдесі 194 ұпай жинаған қырғызстандық әнші Жийдешке бұйырды. Ал 185 ұпайға ие болған «Орда» тобы 2-орын алды.

Түркиялық әнші Гөркем Дурмаз 175 ұпаймен 3-орынға табан тіреді. Ал «Бейбітшілік» сыйлығы Ирак елінен келген күміс көмей әнші Оғыз Сырмалыға бұйырды.

Сириялық әнші Әділ Шан «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды. «Әділ қазылардың арнайы сыйлығы» Германиядан келген Дерья Каптанға табысталды.  Айта кету керек, гранд-финалда Turkvizyon ән байқауының тарихында тұңғыш рет өткен жылы бас жүлдені жеңіп алған Жанар Дұғалова мен Bala Turkvizyon-2015-тің «Алтын дауыс» номинанты Тұрсынхан Еркін арнайы ән шырқады. Өнерпаздар қонақ ретінде шақырылған.

Естеріңізге сала кетейік, мұнда биыл 21 мемлекеттің ең үздік әншілері бақ сынасты. Халықаралық өнер сайысында біздің намысымызды «Олай емес» әнімен «Орда» тобы қорғады. Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени-рухани байланысын нығайтуды көздейтін байқауға қазақ елі жыл сайын қатысып келеді. 2013 жылы Түркияның Ескишехир шаһарында алғаш рет өткен сайыста қазақстандық «Ринго» тобы 9-орыннан көрінсе, былтыр Татарстан астанасы Қазан қаласында әнші Жанар Дұғалова күллі өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленіп, дүбірлі доданың бас жүлдесін иеленген болатын.

24.kz

Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында үшінші орын алды

Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында үшінші орын алдыХоккейден Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатының 20 жасқа дейінгі ойыншылары арасындағы бірінші дивизионның «А» тобында үшінші орын алды. Чемпионат Венада өтті (Австрия).

Сергей Старыгиннің шәкірттері қорытынды матчта Австрия командасын 5:2 есебімен жеңді. Осы жеңісінің арқасында қазақстандықтан сегіз ұпай жинап, үшінші орын алды, алайда австриялық командадан бір ұпайға аз жинады. Басылымның мәліметінше, Латвия құрамасы әлем чемпионы атанды.

Еске салайық, Австриядағы әлем чемпионатында Қазақстанның жастар құрамасы  Норвегияны 4:3 есебімен жеңген болатын. Бұл турнирде қазақстандықтардың екінші жеңісі болған еді. Ал 16 желтоқсанда олар Италия командасын 7:0 есебімен жеңді.

kaz.tengrinews.kz

Маколей Калкин «Один дома» фильмінің есейген кездегі бас кейіпкерін сомдайды

Маколей Калкин «Один дома» фильмінің есейген кездегі бас кейіпкерін сомдайды«Один дома» фильмдер желісінде басты рөлді сомдаған актер Маколей Калкин есейген кездегі Кевин Маккаллестердің рөлін сомдады. Ол: DRYVRS веб-сериалының бірінші эпизодында көрсетілмек.

35 жастағы Калкин көлік басқара алмайтын жүргізушінің образын сомдайды. Оқиға желісіне сәйкес, жолаушы рөлді басқарып, жүргізушісі оған балалық шағында басынан кешкен қиындықтарын әңгімелей жөнеледі. Таксист есімін атамағанымен, бала кезінде алған психикалық шогы жайында айтып береді. Оның айтуынша, ол сегіз жаста болғанда ата-анасы Рождество мерекесінде оны үйге ұмытып кетіп, бір апта жалғыз тұрады.

«Мен өзімді және өз үйімді есі кеткен екі қарақшыдан қорғадым. Ол кезде жай ғана ойын баласы едім. Әлі күнге қорқынышты түстер маза бермейді. Түсімде тақырбас адам соңымнан қуып келе жатқан сияқты», — деген оның сөздерін мысалға келтіреді The Daily Mail. Орта жолда көлікті тапанша кезенген бейтаныс ер адам тоқтатып, таксист әңгімесін аяқтамай үзуге мәжбүр болады. Одан құтылу үшін жүргізуші бала кезгі машығын пайдалануына тура келеді, деп жазады SFGate.

«Один дома» фильмдер желісінің біріншісі прокатқа 1990 жылы шықты. Жеті айдың ішінде картина 476,6 млн доллар жинап үлгерген. 1992 жылы көгілдір экранға «Один дома-2: Нью-Йоркте адасқан» атты сиквелы шығады. Осы картиналарда басты рөлді Маколей Калкин сомдайды. Актер картинаның қалған үшінші және төртінші бөлімдеріне түскен жоқ. Жалпы, Калкин киноға жиі түспейді. Оның соңғы жұмысы 2016 жылға жоспарланған «Адам гриннің Аладдині» атты фильм. Оған дейін актердің ««Секс және таңғы ас» (2007 год) комедиясына түскенін еске сала кетейік.

baq.kz

Zach King: Бұл видео таң қалдырмай қоймайды

Zach King: Бұл видео таң қалдырмай қоймайдыСіздер Зак Кингтің ( Zach King ) кім екенінен хабардар боларсыздар?

Себебі оның сиқырларын Интернет пайдаланушылары тағатсыздана күтіп отырады.

2015 жылы Vine желісіне салынған Зак Кингтің ең үздік сиқырларының топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Видео youtube-тен алынды

Идея: Ерекше Жаңа жылдық шыршалар

Бұрындары әрбір үйде Жаңа жылдық шыршалар табиғи қалпында безендірілетін еді. Алайда, қазіргі шыршалар ағашқа ұқсамаса да рұқсат.

Ендеше, осы қатардағы альтернативті шыршаларды бірге тамашалайық!

Идея: Ерекше Жаңа жылдық шыршалар Идея: Ерекше Жаңа жылдық шыршаларИдея: Ерекше Жаңа жылдық шыршалар   1450407463-0bfa25b7b8a4c868bb8328bce5d944e7    1450407470-db440e987d39950c81b7130a0d60f327 1450407500-7b1edf0db1733216f71defc723773a6d    1450407486-31eb1a35ad91affec74d3bd670767b291450407488-d72fbc36d50715bb93135646746ccade1450407479-6064dd81fa293b90773c9fbff248a61b 1450407491-27b4ffab2d9fb569a23bf33f8366c0ce1450407482-d893b3c98b8fc456cbd4ddca81eb4d6e1450407498-6e785d4b04cc8352c0867030083fbb68 1450407475-1a7ecf2e65955d9e8a659e9cb5b92437  1450407467-b31ea68e4db88670ebd6ae3b30d785771450407465-8c298a0005857ac6e2abd9519ca026a6  1450407496-2f108b018a397b703ce58e94bb9321121450407468-3356aa74cebb6b3735a29e8e18aa6424

pure-t.ru

Елбасы арнайы диета ұстап, арықтағысы келетіндерге ақылын айтты

Елбасы арнайы диета ұстап, арықтағысы келетіндерге ақылын айттыМереке қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылды қорытындылап, телеарна журналистеріне сұхбат беру барысында, журналистер тарапынан салауатты өмір салтына, арнайы диета ұстауына қатысты сауал қойылған еді.

«Қазір жұрттың көпшілігінің проблемасы — арықтау. Арықтардың өзі одан сайын арықтасамын деп жүр. Диета туралы айтады, ет болмайды, май болмайды деген секілді. Біз, қазақтар, қалай етсіз өмір сүреміз? Бір ұрыдан «ұрлықты қашан қоясың» десе, «жылқы етінің тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім» деген екен. Сол секілді менің принципім — адам өзіне, өзінің организміне қажеттіні жеуі керек», — деді Елбасы.

Бұл ретте Н.Назарбаев профессор Шармановты мысалға келтіріп, адам денсаулығы үшін жылқы еті де, қымызы да пайдалы екенін айтты.

«Біздің сүйегімізге сіңген, генетикамызға орныққан жағдайымыз бар. Оны өзгертуге бола ма? Екінші — спорт. Адам өзін-өзі күтуі керек. Біз дені сау, саламатты ұлт болуға тиіспіз. Өзім туралы айтсам, мен ешқандай да диета ұстанбаймын», — деді Н.Назарбаев.

ҚазАқпарат