Домой Блог Страница 35

Талдықорғанда жаңадан шаңырақ көтерген 25 жұпқа құрмет көрсетілді

Талдықорғанда жаңадан шаңырақ көтерген 25 жұпқа құрмет көрсетілді. Шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысының «Жұлдызды 25 күн» аясында ұйымдастырылды.

20161121181503Жас отбасылар өздерінің ұмытылмас бұл сәттерін мемлекетіміздің төл мерекесімен тұспа-тұс келуін мақтан тұтуда. Үлкен өмірге қол ұстасып, шаңырақ көтерген жұптарға  66 жыл отасқан Нүкен ата мен Дариға  әжей ақ батасын берді. Жастарға ақ тілектерін білдірген Есжановтар әулеті бүгінде 6 баласынан 12 немере 14 шөбере сүйіп отырған берекелі жанұяның бірі.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға тұрмысқа қажет сыйлықтар табысталды. Шара аясында махаббат нышанына айналған ақ  көгершіндер көкке ұшырылды.  Облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан орынбасары Жақсылық Омар құттықтап, жастарға бақыт тіледі.

«Береке» индустриалды аймағы таныстырылды

2f0deddc7c1bd4f9915dbfcbcf44ee27Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматы агломерациясының солтүстік белдеуіндегі Алматы қаласының 4 серіктес қаласының бірі Гейт ситидегі «Береке» индустриалды аймағының құрылысымен танысты.

Үкімет басшысының бірінші орынбасарына ондағы инженерлік инфрақұрымының жүргізілу барысын «Алатау» АҚ директоры Б. Тәкенов айтып берді. Оның айтуынша, Гейт ситидегі индустриалды аймақтың аумағы 383,3 га. Бүгінгі күнге мұнда 20,2 шақырым сумен қамту, 60,4 шақырым электрмен қамту, 10,2 шақырым газбен қамту жүйелерімен қаматамасыз етілген. 10 шақырымнан астам жол төселген.

Индустриалды аумақта 5 кәсіпорын, атап айтқанда, ресейлік «Эко Культур» АҚ мен «Гринхауз Казахстан» ЖШС-ның екі жылыжай кешені, германиялық «Бауман ГМБХ и К» компаниясының ет өңдейтін кешені, «Немиш Пфарма» ЖШС фармацевтикалық кәсіпорын, «Френч Фриес Компани» компаниясының картоп өсіретін кешені орналасқан.

Бірінші вице-премьер А. Мамин: «Қаланың инфрақұрылымы дайын, Қазір индустриалды аймағы, тұрғын аумағы, логистикалық аймағы игерілу үстінде. Мемлекет тарапынан инвесторлар тартуға барлық қажетті жағдайлар жасалды. Енді инвесторлар тарту ісімен белсенді айналысу керек», — деді қорытынды сөзінде.

Астана мектептерінде сабақтың тоқтатылуынан каникул қысқартылмайды

c-2Елордада қолайсыз ауа райына байланысты негізінен төменгі буын оқушылары үшін мектептегі сабақтар өткізілмей жатыр. Бұл ретте оқушылар оқу бағдарламасынан қалып қоймайды, өтпей қалған тақырыптар резерв сағаттардың есебінен немесе қайталау сабақтарында меңгеріледі. Тиісінше, каникул уақыты да қысқартылмайды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ботагөз Жүнісова мәлім етті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сабақтарды тоқтату ҚР Білім министрінің «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен регламенттеледі. Оған сәйкес, әрбір мекемеде ішкі бұйрықтар шығарылады, және онда сабақтар тоқтатылған күндер, ол күндері сабақ өткізбеген мұғалімдер көрсетіледі.

Осы ретте әрбір мұғалім балалар өтпей қалған тақырыптарды интеграциялау есебінен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға  өзгертулер енгізеді.

«Сабақтардың тоқтатылуына байланысты өтпей қалған тақырыптарды мұғалім резерв сағаттар немесе қайталау мен жалпылау сабақтары есебінен осы тоқсанның ішінде балаларға түсіндіруге тиіс. Балалар каникул немесе қосымша сағаттар есебінен оқымайды. Бұдан басқа, егер балалар сабақ тоқтатылған күні мектепке келсе, олар күндерін сонда өткізуге тиіс, балаларды ешкім үйлеріне қайтармайды. Бір немесе екі оқушы келсе, мұғалім оған сабақ өткізуге міндетті, және егер сол сабақта баға қойылса, ол баға түзету енгізілген күні қойылады», — дейді Ботагөз Жүнісова.

Пән мұғалімі де балалардың өз бетімен жасайтын жұмыстарының түрін өзі таңдай алады, бұл тапсырмалар сынып жетекшілеріне беріледі, соңғылары оқушылар мен ата-аналарға хабарлайды. Оқушылар тапсырмаларды үйде орындап, сабақтар басталған уақытта тексеруге әкелуге тиіс.

«Жайдарман» ойынының Астана қаласындағы чемпионы анықталды

Астана қаласында «Жайдарманның» қалалық чемпионатының финалы 20-қараша күні сағат 17:00-де «Жастар» сарайында өтті.  Жыл бойы сайысқа түскен 18 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 5 команда өзара чемпиондық атаққа таласып, ойын өте тартысты болды.  Қатысушылар  сәлемдесу, жамбы ату және жұлдыз жайдарманшымен  үй тапсырмасы конкурстары бойынша сайысты. Шын мықты ғана әр конкурста ілгері шығып отырды. Қатысқан «Корпус», «Энерго», «Тұран жастары», «Сарыарқа ауданының құрамасы» және «Жібек жолы» командалары арасынан үш сайыс қорытындысы бойынша,

Сарыарқа ауданының құрамасы
Сарыарқа ауданының құрамасы

10,2 ұпаймен 3-орынды «Сарыарқа ауданының құрамасы» иеленсе,

"Энерго" командасы
«Энерго» командасы

10,9 ұпаймен  С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университетінің «Энерго» жайдарман тобы вице-чемпион атанды,

Тұран жастары
Тұран жастары

ал ЧЕМПИОН атағын  толық 11 ұпаймен «Тұран жастары» командасы иеленді.
Сонымен  қатар, жылдың үздік ойыншысы болып «Энерго» командасының капитаны Асхат Мухаметқалиев таңдалды. Асхат осымен екінші рет жыл үздігі болып отыр, 2014-жылы да «үздік ойыншы» номинациясын алған еді.

Асхат Мұхаметқалиев және Елжан Халиуллин
Биылғы үздік ойыншы Асхат Мұхаметқалиев және Елжан Халиуллин

Финалдық ойынның қазылары да мықты болды: тележүргізуші, танымал телебағдарламалардың авторы, ардагер жайдарманшы Нұрмахан Мұқанұлы, Жоғары және премьер лига ойындарының тұрақты қазысы, ардагер жайдарманшы Алдан Жылгелді, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ақұлан Тастемір, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова және Жоғары лига ойындарының чемпионы Әділет Төлеутаев.

Бұл ойындағы ерекше сайыс жұлдыз жайдарманшымен үй тапсырмасы: Сарыарқа ауданының құрамасы және «Тұран жастарымен»  Жоғары лиганың биылғы  финалистері «Байдың балалары» командасының ойыншысы Ұлан Мықтыбек және «Сырдария құрамасының» капитаны Марат Сәрсенбаев өнер көрсетті. Ал,  «Энерго» «Грант» командасының ойыншысы Елжан Халиуллинмен бірге ойнаса, «Корпус» командасы Жоғары лига чемпионы Бекзат Дүйсеновпен көрініс қойды. Басқа үй тапсырмалардан өзгеше, тапқырлықпен  есте қалғаны — «Жібек жолының» «Элемент» командасының капитаны Эльдар Жұмағалиевпен біріккен үй тапсырмасы.

Тұран жастарымен Марат Сәрсенбаев
Тұран жастарымен Марат Сәрсенбаев

Соңында алтыншы болып, қонақ команда ретінде Жоғары лиганың биылғы финалисі, былтырғы Премьер лига вице-чемпионы «Байдың балалары» өнер көрсетті.

Ойын қонақтары - Байдың балалары
Ойын қонақтары — Байдың балалары

Бір деммен өткен керемет ойыннан кейін финалист жайдарманшылар үшін «afterparty» ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға құттықтаулар айтылып, достар арасындағы қалжың-әңгімеге толы шағын әдемі отырыс болды.

Дастархан басында финалистер
Дастархан басында финалистер

Финалдық бәсеке желтоқсан айының екінші жартысында «НТК» телеарнасы арқылы қалың көрерменге жол тартпақ.

Елорда әкіміне 12 смарт-жоба таныстырылды

Назарбаев университетінің өкілдері «Стартап уик-энд» шарасы шеңберінде елорда басшылығына 12 смарт-жобаны таныстырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл — мүдделі тараптардың өзара қарым-қатынасының қолжетімді түрі, бір жағынан — жаңа идеяларды ұсынушылар, екінші жағынан — оларды іске асыру құралдарын беретін елорда әкімдігі.

24 жасар инженер-химик Ғалым Бәйтімбетов өзінің «Aqua Point» компаниясы әзірлеген технологияны ұсынды, бұл — сапалы ауыз суы бар аппараттар. Адамдар жиі баратын орындар — сауда үйлерінде, мектептерде, университеттерде осындай құрылғыларды орнату бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді.

«Біздің құрылғының ерекшелігі — Қазақстанда мұндай аппараттар жоқ, бірақ әлемде бұл технология бар және тәжірибе жүзінде халық үшін тиімділігі дәлелденген. Ол халыққа ауыз суды тегін береді және қоршаған ортаны пластик қалдықтармен ластау проблемасын шешеді және мектеп оқушыларын су тұтыну мәдениетіне баулиды. Бұл — қазақстандық өнім және ол шетелдік аналогтарынан арзанырақ», — дейді Ғалым Бәйтімбетов.

Бір рет пайдалануға арналған пластик құтылар бірнеше рет пайдаланғанда және белгілі бір температурада зиянды заттар бөлетінін атап көрсету керек. Жас инженердің айтуынша, оның компаниясы ойлап тапқан аппараттың өзінен ішуге ыңғайлы суағары бар, осының арқасында суды ыдыссыз тұтынуға мүмкіндік береді, ал аппараттың басқа түрі үшін арнайы стакан қарастырылған.

Балалардың дамуына әсер ететін ойындар, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелі, амбулаториялық оңалту орталығы, білегі жоқ адамдарға арналған механикалық протез, ғимаратқа кілтсіз кіру, жас ғалымдардың әр түрлі тағы алты идеясы мен шешімі қала басшылығының қызығушылығын тудырды. Қала әкімі Әсет Исекешев стартапшыларға ойларын іске асыру үшін «Даму» желісі бойынша гранттарына қатысуды ұсынды.

«Бізде осы жобаларға қолдау көрсетуге болатын бірнеше құрал бар. Бұл жұмысты Назарбаев университетімен ынтымақтастықта қолға алдық, ЕҰУ-мен де жұмыс істемек ойымыз бар. Идеялары бар азаматтарды шақырамыз, «Астана Innovations» компаниясына хабарлассын, әкімнің сайтына, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жазсын. Смарт-бастамалар жобалары әрқашан да өзекті, бірақ жақсы бастамалар бізге тікелей түскен кезде, және де біз ЭКСПО-ға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, біз оларды көрменің өзінде ұсынуға және одан кейін ынтымақтастық орнатуға әзірміз», — деп қорытындылады Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Мешітке келетін қауымға жұмыс табуда көмек көрсетіледі

cЕлорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп мешітке келетін қауым арасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әрбір бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарын ұсынады, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары туралы ақпараттандырады.

Атап өтерлігі, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл басынан бері 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, әйелдерді және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер бар. Жұмыспен қамту орталығының мобильдік тобы халық көп жиналатын жерлерде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру шараларын өткізді.

ОҚО-да «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндері басталды

olmptlyzepmБүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жұлдызды 25 күннің бірінші күні — «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деп аталып, Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме кешенінің ашылуымен басталды.

Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік тойымен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктері мен Ата Заңның мән-мағынасына тоқталды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы тереңде жатыр. 1991 жылғы 16 — желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — біздің ұрпаққа берілген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен ірі жеңістерге дәлел болатын мысалдар өте көп. Мәселен, ширек ғасырда Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге өссе, Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайды. 25 жыл ішінде Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді. Соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды.  Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында қол жеткізген белестер», — деді Ж.Түймебаев.

 «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жоғары көрсеткіштері — «Қазақстан 2050» стратегиясы, Елордасы — Астананың дамуы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сынды 14 тақырыптық бөлімнен тұрса, қалған 12 бөлім Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен шағын және орта бизнестің дамуы, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы мен білім, мәдениет, спорт және туризмнің дамуына арналды.

Сонымен бірге, шара аясында егіз туылған нәрестелердің ата-аналарына туу туралы куәліктер беріліп, қоғам өміріне етене араласып, белсенді көзге түсіп жүрген 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер тапсырылды. Ал мереке қарсаңында шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жас жұбайларға неке куәлігі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы» жұлдызды күніндегі шаралар мұнымен бітпейді. Кешке дейін аудан, қалалардағы кітапханаларда «Жеті Жарғы» кітап көрмелері ұйымдастырылып, мәдениет мекемелерінде зиялы қауымның қатысуымен «Мемлекеттілік тарихы» жобасы өтпек. Сондай-ақ, жастарға арналған «Жанұя» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтсе, білім беру ұйымдарында «Айбарлы Ата заң» тақыбырында ашық сабақтар ұйымдастырылады.

Тәуелсіздік жылдарында өңір экономикасына 3 трлн. 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Сондай-ақ, осы жылдар ішінде 347 денсаулық сақтау нысаны, 491 мектеп, 1491 балабақша пайдалануға берілді. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 24,1 млрд. теңгеден 670,4 млрд. теңгеге артса, ауыл шаруашылығы 20,0 млрд. теңгеден 426,9 млрд. теңгеге өскен. Сонымен қатар, 25 жылда өңір халқының саны 1,8 миллионнан  2,8 миллионға жетіп, 1 миллионға артқан. Ширек ғасырда 2001 жылы бүкіл мемлекетіміздің бюджеті 508 млрд. теңге болса, бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті 550 млрд. теңгеге жетіп отыр.

Айта кету керек, қарашаның 21 мен желтоқсан айының 15 күні аралығында өтетін «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары»  сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік  жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады.

Астанада «Оқушылардың денсаулығын сақтайық!» акциясы өтті

cМектеп жасындағы балаларға медициналық көмекті интеграциялау бойынша Жол картасы шеңберінде және мектеп медицинасын Денсаулық сақтау Басқармасының құзіретіне өткізу науқанына дайындық мақсатында елордада «Оқушылардың денсаулығын сақтайық!» кең көлемді акциясы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Оған мектеп оқушылары және олардың ата-аналары — 4000-нан астам тыңдаушы қатысты.

Акция барысында «Сау тамақтану алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын алу ретінде», «Фастфудтың денсаулыққа зияны туралы», «Оқушының тамақтануы», «Газдалған сусындардың және энергетиктердің қаупі» тақырыптары талқыланды.

Акция барысында медициналық қызметкерлер ата-аналарға және оқушыларға мектеп медицинасын Денсаулық сақтау басқармасының құзіретіне беру оқушылар денсаулығының жағдайын бақылауға мүмкіндік беретінін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, бұл медициналық және дәрігерлік қызметті уақытында көрсетуге жағдай жасайды. Және балаларды сауықтырудың қолжетімділігі мен уақыттылығының өзектілігін анықтауға, оқу процесін сауатты ұйымдастыруға көмектеседі, балалардың физикалық денсаулығын арттыруға мүмкіндік беріп, оқушылардың сау тамақтануын қамтамасыз етеді.

Еске салсақ, мектеп медицинасының білім жүйесінен денсаулық сақтау мекемесіне өтуі 2017 жылы іске асады.

Астанада «Астана» ФК ойыншыларын құттықтау салтанаты өтті

Елордада футболдан Қазақстан чемпионатының жаттықтырушылар штабының мүшелері мен ойыншыларын алтын медальмен марапаттау салтанаты өтті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кеш қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиеваның, Kesh You тобының және т.б. өнерін тамашалады.

Салтанатты шара барысында клуб ойыншылары түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

«Көрермендер көзайымы» номинациясында Патрик Твумаси, «Клубқа деген адалдығы үшін» Танат Нөсербаев пен Дмитрий Шомко марапатқа ие болды. Марин Аничичтің «Жальгирис» ФК қақпасына соққан добы маусымдағы ерекше сәт деп танылды, ал Агим Ибраимидің «Селтик» ФК қақпасына дәл бағыттаған добы «Маусымдағы үздік гол» номинациясында аталып өтті, Юрий Логвиненко маусымдаға жаңа ойыншы, ал Ненад Эрич — үздік ойыншы. Клубтың басты жанкүйерлері — Әділбек Жақсыбеков пен Әсет Исекешев.

Кеш соңында Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш Әубәкіров клуб ойыншыларына алтын медальдар табыстады.

Шымкентті көркейтуде Анкараның тәжірибесі ұсынылды

7f39bf97-6155-483f-96a8-9c81426fc874Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс орталығы — Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес болып өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға Түркия астанасы — Анкара қаласы мэрінің орынбасары Рамазан Кабасакал мен ОҚО басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары, Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымов пен әкім орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты.

Отырыста Шымкент шаһарының заман талабына сай көрікті болуы үшін әлемнің алдыңғы қатарлы қалаларымен тәжірибе алмасу маңызды екендігіне тоқталған өңір басшысы Шымкентке арнайы сапармен келген Р.Кабасакалды осы семинарға өз тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы шақырыпты.

Ұзақ жылдар Анкараның мэриясында қызмет атқарған тәжірибесі мол қонақ Түркия астанасының кемелденген кезеңі жөнінде семинарға қатысушылар алдында баяндама жасады. Төрт мың жылдық тарихы бар Анадолы елінің астанасы соңғы ширек ғасырда әлемдегі дамуы ерекше қарқын алған қалалар қатарында. Анкараның  1923 жылы 5 мыңнан астам ғана тұрғыны болса  қазіргі таңда, ондағы халық саны 5,5 млн.ға жеткені тектен-тек емес. Семинарда Анкара муниципалитет мэрінің орынбасары аталған қаланы әлемнің озық шаһарларының қатарына қосудағы тарихын баяндады.

Ертеректе бейберекет, жоспарсыз салынған үйлерді тұрғындармен келісім жүргізе отырып, орнына көпқабатты тұрғынүйлер тұрғызу жобасының қалай жүзеге асқанын арнайы сызба кестелері арқылы түсіндірген Р.Кабасакал жобаның шығынсыз әрі барлық жағынан тиімді болғанын жеткізді. Мәселен иелігінде 330 шаршы метр жері бар жанұяға сол аумақта салынған көпқабатты зәулім үйден жер телімі есебінен 80 шаршы метр пәтер берілген. Осы тәртіп бойынша 416 шаршы метр жері барларға 100 шаршы метр, ал, 500 шаршы метр жері барларға 120 шаршы метр пәтерлер үлестірілген. Пәтерінің көлемін кеңейткісі келетіндерден қосымша қаржы талап етілген. Көпқабатты тұрғын үй айналасын абаттандыру, жол салу, яғни бүкіл инфрақұрылымдық жұмыстардың барлығын муниципалитет өз мойнына алған.

Ал сайлы аймақтарда орналасқан аудандарда жасанды көлшіктер салынып, көгалдандыру арқылы заманауи саябақтарға айнадыру жүйесі де өзінің оң жемісін берген. Туристердің молынан келіп, көрікті қаланы еркін аралауы үшін айналма жолдар жасалып, көлік кептелісі көп орын алатын аудандарда жолдар кеңейтіліп, көпірлер салу жүйесі де оңтайлы  жүзеге асырылған. Мәселен, қаладағы салынуы тиіс үш деңгейлі үлкен көпір 35 күн ішінде пайдалануға беріліпті. Жұмыстың жүйелі әрі тез жүргізілуі қала халқының қызығушылығын тудырып, ескі үйлерінің жылдам сүрілуіне тұрғындардың өзі белсене атсалысқан. Осы жүйемен қаладағы 55 аудан жаңартылған. Автобустар жүйелендіріліп, алты бағытты қамтитын метро салынған. Әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған 184 жоба жүзеге асқан.

Қазіргі таңда Анкарада аумағы 210 га болатын 1027 ғимараттан тұратын әлемдегі ең үлкен соңғы үлгідегі диснейленд салынып жатыр. Бұл да өз кезегінде туристердің артуына өз септігін тигізері сөзсіз деген қала мэрінің орынбасары, Анкара жылына 10-12 млн. турист қабылдауға мүмкіндігі бар шаһар екенін алға тартты.

Осылайша, Анкара мен Шымкенттің бауырлас қалалар болғандықтан бір-бірімен тәжірибе алмасуы керек деген Р.Кабасақал Шымкент қаласының экономикалық және әлеуметтік саласының дамуына барынша көмек қолын созуға дайындығын мәлімдеді.

Жиын барысында қос қаланың қарым-қатынасын күшейте отырып, Анкараның даму жоспарын оңтүстікке де пайдалану керектігіне тоқталған облыс әкімі арнайы делегация құрамын жасақтап, тәжірибе алмасу сапарын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Шымкент қаласын дамытудағы осынау ұсыныстарды оңды қабылдаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов тиісті ұсыныстар негізінде бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.