Домой Блог Страница 37

Елордада 21 қарашада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады

2016 жылғы 21 және 25 қарашада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі» бағыты бойынша құжаттар қабылданады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының әкімдігі және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арасында Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жағалауы, № 23- 31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелер (жобалық атауы), Лот 15 мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешенінен тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін құны 120 мың теңге болатын 125 пәтерді сату жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оның ішінде:  ауданы 34,36 шаршы метр бір бөлмелі 3 пәтер; ауданы 57,68 шаршы метрден 60,69 шаршы метрге дейін екі бөлмелі 64 пәтер; ауданы 72,76 шаршы метрден 78,82 шаршы метрге дейін үш бөлмелі 58 пәтер.

Құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 21 және 25 қараша (қоса алғанда) аралығында e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш берушінің электрондық цифлық қолтаңбасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Порталдың ашылу уақыты 2016 жылғы 21 қарашада сағат 9.00-де, жабылу уақыты 2016 жылғы 25 қарашада сағат 24.00-де. Порталдық жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.

Бағдарламаға сәйкес аталған бағытта мына санаттар бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған (кезектегілер) азаматтар ғана қатыса алады:

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; жасына қарай зейнеткерлер; оралмандар; экологиялық зiлзалалар; табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар);

мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бағдарлама талаптары бойынша бұл бағытты іске асыруда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде мына санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алмайды: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1 және  2-топтағы мүгедектер; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiмен бекітілетін кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

Бағдарлама аясында құжаттарды қабылдау мерзімі кезінде өтініш бір рет қана берілуі мүмкін. Бұл ретте өтініш тікелей коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған адамнан ғана берілуі керек. Егер өтініш иесі кезекте тұрмаса, онда өтініш жоққа шығарылады. Портал арқылы өтініш толтырар алдында өтініш беру бойынша нұсқаулықпен танысу қажет.

Өтініш беру үшін:

өтініш иесінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысын;

неке қию (некені бұзу) туралы куәліктің (2008 жылдың 1 маусымына дейінгі), отбасы мүшесінің қайтыс болуы туралы (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалардың туу туралы куәліктерінің (2007 жылдың 13 тамызына дейін) электрондық көшірмесін;

өтініш иесінің жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесін;

өтініш иесінің жұмыс орнынан табыс алатындығын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесін ұсыну қажет.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мынадай құжаттар мәліметін өтініш беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар түрінде тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады:

өтініш иесі тұлғасын куәландыратын мәлімет;

неке қию немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейінгі), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейінгі), балалардың тууы туралы  (2007 жылғы 13 тамыздан кейінгі) мәлімет;

өтініш иесінде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі бар немесе жоқ болуы туралы мәлімет;

өтініш иесі және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұратындығын растайтын тіркеу туралы мәлімет;

отбасы мүшелерінде мүгедектің бар болуын дәлелдейтін мәлімет;

Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кезек нөмірін көрсетумен тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрғаны жөнінде мәлімет.

Қажет болған жағдайда «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметкерлерімен азаматтар қосымша құжаттарды ұсыну үшін немесе өтініш иесімен берілген мәліметті анықтау үшін шақырылуы мүмкін.

Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны) өтініш берілген пәтер ауданына әсер етпейді, үміткерлер өз қалауы бойынша пәтер түрін көрсетеді.

Қатысушылар арасындағы алдын ала іріктеу Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) тұрғын үйге мұқтаждар есебі тізіміне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.

«ҚТҚЖБ» АҚ-мен іріктелген өтініш иелерінің төлем қабілеттілігін бағалауы өткізілген соң, Комиссия Бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімін бекітеді, олар Астана қаласы әкімдігінің және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланады.

Бағдарлама шеңберінде жеке меншікке Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша кейіннен сатып алу құқығымен 1 ғана бірлік тұрғын үй сатып алуға немесе жалға алуға болады.

2017 жылы елордалық колледждерде 6 жаңа мамандық ашылады

cӨнеркәсіп, байланыс және коммуникациялар, сервис және қызмет көрсету, медицина және білім салаларында кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты келесі жылдан бастап колледждерде алты жаңа мамандық ашылады («Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша мехатроник», «Көпірлер және көлік тоннельдері», «Электр станцияларының және желілердің құрал-жабдықтары», «Өнеркәсіптегі электр-механикалық құрал-жабдықтар», «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Кітапхана ісі»).

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, осының алдындағы жылмен салыстырғанда сұранысқа ие техникалық мамандықтарға мемлекеттік білім гранты 10 пайызға артты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 4025 орын бөлінді. Салыстыру үшін: 2015 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 3636 студент білім алған.

Сондай-ақ, елордада қазір жұмыс істеп тұрған төрт ресурстық орталыққа тағы жаңа үш ресурстық орталық қосылады: 1) «Ингри Қазақстан» ЖШС-імен бірлесіп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, коттедждік және аз қабатты құрылыс салаларында мамандар дайындау бойынша; 2) «Техно Николь» — құрылыс инновациялары» ЖШС бірлесіп өнеркәсіптік едендердің құрылыс технологиясы, бетон жөндеу және құрал-жабдықтардың гидрооқшаулау бойынша; 3) «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ымен бірлесіп токарьлық іс және металл өңдеу бойынша. Бұдан өзге, «Софи-Дент» стоматологиялық емханасымен бірлесіп медициналық және фармацевтикалық білімі бар кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу орталығы ашылады.

Педагогтар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Еуразиялық гуманитарлық институттың (ЕАГИ) негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандығы бойынша сырттай оқу факультетінде бір топ (25 адам) ашылды.

ЭКСПО-2017 көрмесі үшін кадрларды дайындау мақсатында сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша оқыту жүргізілуде.

Ұйымдастыру мәселелері сөз болды

5086df92e19cce6c464a4a7f86f0f68e«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «APCO Worldwide» компаниясының атқарушы вице-президенті Дон Бонкермен кездесті.  Басқосу барысында екі жақ Америка Құрама Штаттарының халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесін талқылады.

Кездесуде А.Есімов америкалық делегация өкілдеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Франция, Германия, Қытай, Түркия және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Сондай-ақ, қатысушы мемлекет қызметкерлеріне пәтерлер де дайын. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр. АҚШ павильоны тапсыруға дайын», – деді А.Есімов.

«Америкалық павильонның ашылу жұмыстарын атқару үшін «АРСО» компаниясы таңдалды. Біз барлық ұйымдастырушылық мәселелермен, атап айтқанда павильон дизайны, контенті, оны ілгерілету жұмыстарымен айналысатын боламыз» — деді Дон Бонкер.

Бүгінгі таңда Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын 106 мемлекет растады, 101 мемлекет өз комиссарларын таңдады, 90 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.

Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 10 маусым мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін болады.

Халықаралық компаниялар оңтүстікке инвестиция салуға ниетті

16ec9afe-c69a-449f-b39b-5c78acf631b8Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Швейцария, Франция мен Армения мемлекеттерінен келген ірі компаниялардың құрылтайшыларымен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға «SASSTEX», «WKS Textile Solution» компаниясының құрылтайшысы Гелиджи Кристиан, «SCI France» инвестициялық компаниясының құрылтайшысы Акобян Граир, «Goldhein Investments» инвестициялық компаниясының құрылтайшысы  Варагян Давид, «Goldhein Investments» инвестициялық компаниясының өкілі Тыныбек Ришат қатысты.

Басқосу барысында өңір басшысы облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін жобаларды жүзеге асыруға ниетті әрбір инвесторға әкімдік тарапынан қажетті қолдаулардың жасалатынын жеткізді.

Осы ретте әкім шетелдік кәсіпкерлерді заманауи жабдықталған мақта өңдеу зауытын құру, жол құрылысы мен мал шаруашылығы, тері өңдеу, сонымен қатар, ағаш-полимерлі материалдар өндірісінің желісін құру сынды ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Өз кезегінде мәртебелі меймандар Швейцария, Франция мен Армения мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп бағытында әлемдік деңгейде көшбасшы болып табылатын бірқатар жобалардың бар екенін айтып, осы сынды жобаларды Оңтүстік Қазақстан облысында да жүзеге асыруға болатынын айтты.

Сондай-ақ, олар облыс аумағындағы жол құрылысы мен тері, мақта, қоқыс  өңдейтін зауыттарын құру және құрылыс материалдарын шығару,  мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаларға қызығушылық танытты. Аталған жобаларды дамытуда тәжирибелерінің мол екендігіне де тоқталды.

Шетелдік инвесторлар жол құрылысы саласын дамытуда қазіргі заманауи технологияны пайдалана отырып, талапқа сай  тәулігіне 5 шақырым  жол сала алатын мүмкіндіктерін алға тартты. Оған жергілікті тұрғындарды да жұмыспен қамтуға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, мақта өңдеу зауытын құру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Ал мал шаруашылығын дамытуда Романов тұқымдас қойларын оңтүстікке жерсіндіре отырып мал басын көбейту арқылы ет экспортын арттыру жобалары да табысты іске асатынына сендірді. Әрі оны БАӘ мен Иран елдеріне өткізу жұмыстарын да өздері ұйымдастырмақ.

Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында аталған компания құрылтайшылары Шымкенттегі туристік-ақпараттық орталық пен жаңадан ашылған «Фронт офис» жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ пен индустриялды аймақта болып,  бірнеше кәсіпорындарды аралап көрді.

Оңтүстіктің инвестициялық мүмкіндіктерін бағдарлаған Франциялық, Швейцариялық және Армениялық инвесторлар облыс әкімдігімен ортақ шешімге келуге уағдаласты.

Әлемдік нарықта көп жылдық тәжірибесі бар «SASSTEX», «WKS Textile Solution», «SCI France» «Goldhein Investments»  серіктестігі кең ауқымды, ұзақ мерзімді жобаларды әзірлеп, жүзеге асырумен айналысатын ірі компаниялар болып табылады.

Оңтүстік Қазақстанда тұрақтандыру қорының тауарлары саудалануда

0000103636_drbfpk3rОңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер Шымкент қаласында сенбі және жексенбі күндері өтетін жәрмеңкеде, облыстың аудандары мен қалаларында сатылуда.

Тұрғындарды әлеуметтік тауармен қамту және бағаны қолдан көтеру сынды жайттарды жою мақсатында құрылған тұрақтандыру қоры арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша тауарлардың келесі бағада беріліп жатқандығын хабарлайды. Атап айтқанда,  картоп пен сәбіз  30-35 кг. дейін 1  келісін 65 теңгеден, ал құмшекердің келісі – 220,  күнбағыс майы 1 литрі — 350, 5 литрі — 1750 теңгеге саудаланып отыр.

Айта кетейік, Шымкентте сенбі күні жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі «Қажымұқан» стадионында ал, жексенбі күні Арғынбеков көшесі, «Рахима Плаза» ойын-сауық кешенінде өтеді. Сонымен қатар, сатып алуға өтінімдер беру үшін байланыс телефондары да жұмыс жасайды.

Сату бойынша маман: Р. Есенбаев  +7 (7252) 99-70-98, +7 701 505-12-88. Мекен-жайы: Шымкент қ., Қонаев гүлзары №48 («Оңтүстік» бизнес-орталығы), кабинет 15.

ОҚО-да БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлескен жұмыстарды дамыту жайы талқыланды

ooonОңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлесіп атқаратын іс-қимыл бағыттарын келісу және талқылау, екіжақты меморандумның жобасын енгізу бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілінің орынбасары Фиакра Макэзи мен аталған ұйымның жетекшілік құрамы, сондай-ақ, облыстық  білім, дін, денсаулық сақтау, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар жөніндегі басқармаларының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Балалар қорының бірлесіп атқаратын іс-қимыл бағыттарын келісуді мақсат тұтқан жиында қор қызметінің Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы негізгі қызмет бағыттары мен жұмыстың нәтижесі туралы баяндалды. Сонымен бірге, облыс әкімдігімен бірлесе атқарылатын іс-шаралардың бағыттары айқындалды.

ЮНИСЕФ-тің Оңтүстік Қазақстан облысындағы кураторы, денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламасының үйлестірушісі Қанат Суханбердиевтің мәліметінше, қос тараптың бұған дейінгі бірлескен жұмыстарының нәтижесінде, аймағымызда бірқатар оңды жұмыстар атқарылған.

Отырыста облыс әкімінің орынбасары жиында көтерілген ұсыныстар мен тілектер бойынша бірлескен жұмыстарды атқаруға дайын екенін жеткізді. Ал әкімдікке қарасты басқарма басшылары тарапынан өңір үшін маңызды бағыттар бойынша эксперттік көмекті қажет ететін мәселелер ұсынылып, ЮНИСЕФ-пен бірлескен жұмыс туралы ұсыныстар енгізілді.

Шымкентте «Сауатты жарнама – қала көркі» акциясы өтті

002Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдары талаптарының орындау және Шымкент қаласындағы көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру мақсатында «Сауатты жарнама – қала көркі» акциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған шараны облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы, Шымкент қаласының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе ұйымдастырды.

Алдымен акцияға қатысушылар кеңес өткізіп, алда атқарылар жұмыс жайын саралады. Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қасым Ағабековтың айтуынша өңірімізде 1 облыстық, 15 аудандық, қалалық деңгейде насихат топтары жоспар аясында 145 түсіндіру іс-шараларын жүргізген.

Бүгінде облыстағы 8224 коммерциялық нысанның маңдайша, жарнама жазуларының 7709-ы заңға сәйкес жазылған. Заң талаптарына сай келмейтін 515 жарнама мәтіндерінің 232-сі реттелген. Ал, қалған 283 проблемалық нысандар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Тіл жанашырлары мен шымкенттік белсенді жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан акция барысында «Шымкент әуежайы», «Шымкент» теміржол вокзалы, «Mega planet» сауда орталығы сынды бірқатар нысандарда түсіндіру шаралары жүргізілді.

Елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған қысқы Универсиаданың жалауы көтерілді

c-1Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орайластырылған 2016-2017 жылдарға арналған қысқы Универсиаданың салтанатты ашылуы өтті. Бағдарламаға шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шағын футбол және т.б. спорт түрлерінен жарыстар кіреді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Маусым бойы Астананың алдынғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттері өзара сайысқа түсетін болады, бұл жастарды белсенді өмір салтын ұстануға, оларды спортқа тартуға ықпал етеді. Универсиаданың ұйымдастырушылары: Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласының спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы.

Студенттердің арасында шахматтан жарыстар өткенін атап көрсету керек, онда елордадағы жеті ЖОО-ның командалары шеберлік байқасты. Сайыста Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ студенттері жеңіске жетті. Сондай-ақ, аталған шараның шеңберінде 2015-2016 жж. Универсиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, ол «Спорт — өмір көркі» ұранымен өтіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған болатын.

ОҚО-да қазақ-өзбек бизнес конференциясы өтті

0ff3b323-0a05-455e-8bf5-473cef1af16cБүгін Оңтүстік Қазақстан облысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты  арттырып, кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер жасау мақсатында қазақ-өзбек бірлескен бизнес конференциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Конференция жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев пен 70-ке жуық қос мемлекеттің кәсіпкерлері қатысты.

Бизнес кездесуде сөз алған өңір басшысы барша қатысушы қонақтарға алғысын білдіріп, бүгінгі жиын екіжақты қатынастарды дамытуда пайдалы алаң болатынына сенім білдірді.

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Біздің мемлекетте индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып, ол қазіргі уақытта облыс экономикасының дамуына септігін тигізіп келеді. Дамыған әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, индустриалды аймақтар инвесторларды тартудың негізгі құралы болып табылады. Бүгінде облыстың қалалары мен аудандарында 11 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Өңдеуші өнеркәсіп бағытындағы жобаларды іске асырушы инвесторлар үшін біз аталған аймақтан жер учаскелерін бөліп беруге әзірміз. Сонымен қатар, осында өндірілген өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен ҚХР-на экспорттауға мүмкіндік бар», -деді әкім.

Өз кезегінде, елші Ерік Өтембаев облыс басшысына Оңтүстікте қазақ-өзбек агро индустриалды аймағын салуды және Ташкент қаласымен ғана емес, Өзбекстанның барлық аймақтарымен де әріптестік байланыс орнатуды ұсынды.

«Екі жақтың климаты ұқсас болып келгендіктен мұнда көкөніс өсіру шаруасын дамытуға болады. Және қос ел арасындағы туризм саласын өркендету мақсатында Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртуымыз керек. Бұл бағытта қазіргі таңда тиісті жұмыстар мен келіссөздер жүргізіліп жатыр», — деді елші.

Бұл ретте, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі «Самарқан – Шымкент – Түркістан» мен «Шардара – Жетісай – Жызақ»  бағыттарында жүретін автобустар қатынасының орнатылатынын мысал ретінде келтірді.

Сонымен қатар, мәртебелі мейман Оңтүстіктегі «Химфарм» АҚ өндірісі шығаратын дәрі-дәрмек көршілес өзбек елінде сұранысқа ие екенін айтып, бүгінде дәрі-дәрмек өнімдерін жүйелі түрде сатып алуға ниетті екенін жеткізді.

Қос тарапты кездесу барысында ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев оңтүстіктің кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, туризм бағытын дамыту жайын да баяндады.

Айта кетейік, 2015 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 1,67 млрд. АҚШ доллларына жеткен. Осы сынды кездесулердің нәтижесінде экспорт пен импорттың көлемін арттыру көзделіп отыр. Бүгінде Өзбекстан мемлекетінен көгілдір отын, мақта талшықтары, химиялық өнімдер, тыңайтқыштар мен көкөністер импортталады.

Жұмыс жаңа бағытта жүргізілуі керек

40657358-6950-46f0-8beb-8b5016061bc8Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде мал шаруашылығын, мәдениет саласын, туризмді дамыту мәселелері мен перспективаларын, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жайы мен коммуналдық меншіктің сақталуы және пайдалануын бақылау сынды 5 мәселе қаралды.

Жиында жоғарыда аталған бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мал шаруашылығы бойынша соңғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мыңға артып 865 мың басты құрағанын, қой-ешкі 155 мыңнан 3 млн. 893 мыңға өскенін, ал жылқы 16 мыңға артып 230 мыңға жеткенін айтты.

Сонымен қатар, ол мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Мәселен, ет өндіру  111,4%-ға, сүт өндіру – 104,8 %-ға, жұмыртқа өндіру – 112,1 %-ға, жүн өндіру 110,1 %-ға артқан.

Дегенмен, облыста мал саны мен өнімдері артқанымен келесі аудандарда төмен көрсеткіш байқалуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен ІҚМ саны Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында, уақ мал Бәйдібек, Ордабасы, Созақ, Төлеби аудандарында, жылқы Бәйдібек, Түлкібас аудандарында, түйе Бәйдібек, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында, құс саны Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас аудандарында кеміген.

Осы жайттарды ескерген облыс әкімі жалпы мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі шаралар азайғанына тоқталды.

«Осы бағыттағы ең басты мақсат – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Табиғаты қолайлы өңір бола тұра, біз 25 жылда ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмай келеміз. Бізде шығарылатын өнімдер бәсекеге кабілеті төмен, сондықтан басқа облыстарды былай қойғанда, біздің тұтынушылар шет елдің өнімдерін сатып алуға мәжбүр»,-деді Ж.Түймебаев.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытудың басты мәселесі — бұл ветеринариялық қауіпсіздік екенін айтқан әкім бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілмей отырғандығына тоқталды.

Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда адамды кене шағу фактісі  40,4 пайызға өскен.  Бұл залалсыздандыру жұмыстарының  уақытылы жүрмеуінен болып отыр.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мәдениет басқармасының 2017-2020 жылдарға арналған даму жоспары бойынша  басқарма басшысы Нұрболат Ахметжанов мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі мәдениет және өнер мекемелерінде 23021 әртүрлі мәдени  іс-шаралар өткізілген. Ал, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бірқатар жаңа іс-шаралар қолға алынған.

Сондай-ақ, ол Сарыағаш ауданында 5 ауылдық мәдениет үйі мен Шардара аудандық музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілгенін жеткізді.

Жасалған баяндамаға қанағаттанбаған облыс әкімі әрбір іс рухани тұрғыдан жасалу қажеттігіне тоқталды.

— Мәдениет басқармасы өкінішке орай, аудан, қалалардағы мәселелерге тіптен көңіл бөлмейді. Қазір, көптеген ауылдарда мәдениет ошақтары мүлдем жоқ,  ал барлары қаңырап бос тұр. Қарапайым халық үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмайды. Тұрғындардың коммерциялық концерттерден басқа баратын мәдени іс-шаралары жоқтың қасы, — деді өңір      басшысы.

Сонымен қатар, Мәдениет басқармасы ұрпақтар сабақтастығы бойынша тәрбиелік мәні бар, дәстүрлі мәдениет пен әдет-ғұрыпты болашақ ұрпаққа жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілмей отырғандығын айтқан әкім қазіргі жастарға төл мәдениетімізді, дәстүрімізді жеткізу – біздің тарихы жауапкершілігіміз екенін атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысының туризмі инфрақұрылымды дамыту, маркетинг, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 3 бағытта дамытылып отыр. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев баяндама жасады.

Осы бағыттарға сәйкес, ол ұзақ және қысқа мерзімді іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып келетінін айтқан ол аталған жұмыстарды  жандандыру мақсатында бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Оңтүстік Қазақстан туристік аймаққа айналуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылғанын айтқан аймақ басшысы 5 миллион халқы бар Анкара қаласының аз уақыт ішінде жоғары деңгейде дамығанын үлгі етті. Сондай-ақ, ол аталған жұмыстар үшін олардың мемлекеттен қаржы алмағанын, оны кәсіпкерлері, сол жердің тұрғындары биліктің ұйымдастыруымен барлығы бірлесе отырып шешкенін жеткізді.

«Біздің туристік өңірге айналуға толық мүмкіндіктеріміз бар, бірақ, өкінішке орай біз туристер келетін кластер жасай алмай отырмыз.Туристік орындарда қажетті қонақүйлер жоқ, туристер үшін жол бойында қажетті сервис жоқ. Туристер үшін жол көрсететін сілтемелер жоқ, интернет, мобильді байланыс сын көтермейді, көлік инфрақұрылымы нашар. Сондай-ақ, туристік орындардың санитарлық жағдайы төмен»,-  деді әкім.

Облыста 3 миллионға жуық халықтың 26,8 пайызын жастар құрайтынын ескерген жергілікті билік жастар мәселесін күн тәртібенен түсірген емес.

Осы жылдың 10 айында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 35,5 пайызға,  жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейімен нашақорлықтың өскеніне тоқталған аймақ басшысы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Болат Жанәбілге жастарды еңбекке баулу керектігін айтты.

Жиында сонымен қатар, коммуналдық меншігінің сақталуы мен пайдалануына бақылау бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Кеңесбек Мендебаев баяндады.

Мәжіліс соңында облыс әкімі Ж.Түймебаев тиісті басқару орган басшылары мен аудан, қала әкімдеріне коммуналдық мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді және мемлекеттік мүлікке немқұрайлы қараған әрбір басшыға заң аясында қатаң шара көруді тапсырды.

Сонымен бірге мұндай мәжіліс дүниенің ешбір мемлекетінде жоқ деген әкім, барлық жасалған баяндамаға көңілі толмағанын жеткізіп, баяндама жасаудың жаңаша бағытына көшуді, яғни нақты іс-шара жоспары жасалып, мәжіліс өткізудің тәртібін өзгерту қажеттігін міндеттеді.