Домой Блог Страница 54

Елордалық оқушылар MOSTRATEK ғылыми жобалар мен технологиялар халықаралық конкурсында жүлделі орындарға ие болды

c-1Елорданың жоғары сынып оқушылары Бразилияның Порту-Алегри және Нову Гамбург қалаларында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шығармашылық жарыс Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia (Mostratec) 31-ші Халықаралық білім көрмесі шеңберінде өткізілді.

Шараны ұйымдастырған — Бразилияның Liberato қоры, бұл қор ғылым мен технологияларды дамыту үшін білікті мамандар дайындауға ықпал ететін қоғамдық институты.

Mostratec көрмесінің мақсаты — оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмыс істеу үшін мамандарды тарту.

Елордалық оқушылар қазылар алқасының назарына математика, физика, химия және информатикадан зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Елордалық оқушылардың ең үздік 10 жұмысы байқаудың ақтық кезеңіне өтті. Оның ішінде озонның жердегі өсімдіктерге зиянды әсерінің дәлелдері, айналмалы цилиндрлері бар жел қозғалтқышының аэродинамикалық сипаттамалары, кейбір әлеуметтік процестерде иерархия талдауын қолдану және т.б. бар.

Байқау қорытындысы бойынша, елордалық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медальға ие болды. Үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және білім гранттарымен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар қазақстандық оқушылардың жақсы дайындалғанын атап өтіп, Қазақстандағы білім деңгейіне жоғары баға берді.

Астанада азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

cЕлорда мәслихатының депутаттары қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін және азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шараларын талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласының ауыл шаруашылық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарымен, алыс және жақын шет елдермен тамақ өнімдерінің жеткізілімдері жолға қойылған. Елордада тауар өндірушілер үшін қаланың ішкі нарығына еркін кіру қамтамасыз етілген, жер телімін бөлу мен өндірістік инфрақұрылымды тартудан бастап, өндірілетін өнімді өткізуге дейін жан-жақты қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың шілде айында Алматы және Қызылорда облыстарынан қант пен күріш жеткізілімдері ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Қуатты өңір — Қуатты Қазақстан» деген ұранмен өңірлер күндері ұйымдастырылды, шара аясында 10 дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.

2016 жылдың сәуір-қазан айларында 75 апта сайынғы жәрмеңке өткізіліп, 1390 тонна өнім, соның ішінде ет өнімдері 321 тонна, 25 тонна сүт өнімдері, 943 тонна көкөніс, 30,5 тонна қант және 43,5 тонна басқа тауарлар сатылды. Астанада қала тұрғындарын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешенінің 72 субъектісі бар. Соның ішінде ұн тартатын 9 кәсіпорын, нан-тоқаш өнімдерін өндіруші 41 кәсіпорын, шұжық өнімдерін өндіруші — 5, сүт өнімдерін шығаратын бір кәсіпорын, 8 көкөніс қоймасы, бір жылыжай кешені, 2 ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші бар. Делдалдардың санын қысқарту мақсатында қалада 5 сауда-логистикалық орталық ашылды.

Азық-түлік өнімдерінің бағасы да маңызды мәселе. Бағаларды тұрақтандыру үшін бірнеше облыспен сауда-экономикалық қарым-қатынастар туралы меморандумға қол қойылды, онда өнімдерді өндірушілердің бағасымен сату қарастырылған, деп хабарлады басқармадан.

Сонымен бірге, депутаттар уақытылы қаржыландырмау, өндіріс, азық-түлік өнімдерін өңдеу және сақтау салаларында инвестициялық жобаларды пайдалануға тапсыру мерзімдерін сақтамау, және сапасыз өнімдерді сату азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына алып келетінін айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша ет-сүт өнімдерінің жеткізілімдеріне бақылау жасау, отандық кәсіпорындарды өнім шығаруға және оның сапасын арттыруға ынталандыру шараларын күшейту бойынша ұсыныс-кеңестер берілді.

Кентауда «Менің ағашым менімен бірге өседі» тал егу шарасы өтті

menin_agashymКентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен 1 сынып оқушылары қатысты.

Биылғы оқу жылында қаладағы 23 мектепке 1 сыныпқа 2019 окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды.

Ондағы мақсат — жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады.

Осындай тақырыпта Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді.

Іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен 1 сынып оқушылары қатысты.

Биылғы оқу жылында қаладағы 23 мектепке 1 сыныпқа 2019 окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды.

Ондағы мақсат — жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады.

ОҚО мәдениетін жоғары деңгейге көтеру жайы қаралды

600_151ОҚО әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев мәдениет саласы және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Мәдениет саласындағы түйткілді мәселер қаралған кездесуге облысымыздың белгілі ақын, жазушылары мен ғалым, археологтары, суретшілер мен қолөнер шеберлері, композиторлар және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Басқосудың басты мақсаты облыстың мәдениетін республикалық және халықаралық деңгейге көтеру керек екенін айтқан аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының рухани келбеті мен болмысы, оның мәдениетінен, атап айтқанда, өнер, әдебиет, театр мен ақындық өнер сынды жауһарлардан тұратынын, оның иесі кездесуге келген атпал азаматтар екенін жеткізді.

Жиында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов салада жыл басынан бергі 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндап, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, есепті мерзімде өңірімізде құрылысы жүріп жатқан жаңа нысандар аяқталып, Сарыағаш ауданындағы 5 ауылдық мәдениет үйі мен клуб және Шардара аудандық музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілген. Осы кезеңде облыстағы мәдениет және өнер мекемелеріне қажетті 86 жас мамандармен қатар, 23 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа қабылданған.

«Өңіріміздегі 423 кітапханадағы кітаптар саны 74 мыңнан астам жаңа кітаптармен толықтырылып, жалпы қор 7 млн. 185 мың данаға жетіп, электрондық кітап қоры 17355 дананы құрады. Оқырмандарға қазіргі заман талабына сай сапалы қызмет көрсету үшін «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 модельді ауылдық кітапхана» атты жобаның аясында Созақ, Түлкібас, Мақтарал аудандарында 7 модельді ауылдық кітапханалар ашылды», — деді басқарма басшысы.

Кездесу барысында облысымыздағы ақын-жазушылар мен профессор-ғалымдар және археологтар тарихи, рухани мұралар жайындағы өзекті мәселелерді ортақ талқыға салып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.  Мәселен, олар өңірдің мәдениетін көтеру мақсатында ұлттық идеологияны қалыптастырып, қазақтың дәстүрлі өнерін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету үшін барлық аудан, қалалардан ақындар мектебін ашу мәселесін, өңірімізде тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштерін қорғау және Шымкент, Сайрам қалашықтарын ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу мәселелерін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, облыстағы мәдениет және өнер мекемелерінің бүгінгі  таңдағы жай-күйі мен осы саладағы қалыптасқан проблемалар жөнінде де облыстық театрлардың жетекшілері өз ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде, әкім өңірдің туризм саласы бағыты бойынша үлкен тұжырымдама жасалынып жатқанын атап өтіп, туристерге Түркістанның рухани орталық екенін көрсету қажеттігін айтты.

«Бүгінде киелі Түркістанға туристер келсе кесенеден басқа баратын жер жоқ. Ол туралы деректерді көбірек насихаттау үшін Түркістан қаласынан Ясауидің жеке мұражайы мен ол туралы кейінгі ұрпаққа тереңірек таныту үшін Яссауи мектебін ұйымдастыруды ұсынамын», — деді облыс әкімі.

Зиялы қауымның үлкен миссиясы — ол халықты рухани жағынан байыту екенін айтқан аймақ басшысы салт-дәстүр мен байырғы әдет-ғұрпымызды, ұлттық тағамдарымыз бен қолөнермізді дамыту қажеттігіне тоқталды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында рухани саладағы әрбір сала мамандарынан облыс әкімі жанындағы ақылдастар алқасын құрып, сол азаматтардың ақыл-кеңестерін тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша айтылған пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, мәдениет саласының жұмысын жақсарту бойынша облыс әкімдігінің хаттамасы толтырылды. Бұл ретте, облыс әкімі Ж.Түймебаев әрбір көтерілген кемшіліктердің сапалы әрі мерзімді орындалуы қадағаланатынын ескертті.

ОҚО әкімі: Шымкент атына лайықты жасыл қалаға айналуы тиіс

600_150Кеше облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласының дамуы бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде қаланың бас жоспарының орындалуы, жол инфрақұрылымы мен қала аумағына ағаш отырғызу сынды үш мәселе қаралды.
Жиынды жүргізген аймақ басшысы Шымкентті еліміздің үшінші мегаполисіне айналдыру үшін Елбасының осы жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асуына барынша жауапкершілікпен қарап, оның дамуына бірлесе күш салу қажеттігін айтты. Бүгінде шаһардағы қала халқының саны 904 мыңға жеткенін ескерген әкім тіркеуге алынбаған бірқатар азаматтардың бар екенін болжап, келер жылы статистикалық мәлімет бойынша қала тұрғындарының саны 1 миллионға жетеді деп жоспарланып жатқанын айтты.
Мәжілісте Шымкент қаласының бас жоспарының іске асырылуы мен күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жайын баяндаған қала әкімі Ғабидолла Əбдірахымов 2025 жылға қарай  қала халқының саны 1 млн. 200 мыңға жетіп, көпқабатты тұрғын үйлердің қатары 52 пайызға арту керектігін айтты. Бұл мегаполис статусына енудің бірден-бір талабы.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда, қала аумағы 80-нен астам ауыл типтес елді мекеннен тұрады. Оның 70 пайыздан астамы жеке сектор болып отыр. Бұл, әуелі ол жерлерге инженерлік, көлік және басқа да қызмет көрсету нысандарын салуда бюджеттен ауқымды қаржыны қажет етеді. Екіншіден, жерлер тиімсіз пайдаланылған. Осы мәселелерді шешу үшін  қаланың бас жоспары бекітіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар,  жол инфрақұрлымы өзекті мәселелерді оңтайлы шешу, қала аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүйелеу басты назарда екенін атап өткен қала басшысы, бұл бағытта қаланың даму тұжырымдамасы жасалынып, көлік инфрақұрылымы мен қоғамдық көлік мәселесі зерделенгенін жеткізді.
Бұл мақсатта «Green Bus» компаниясымен бірлесіп, муниципалды «Шымкент Bus» мекемесі құрылып, жыл соңына дейін 100 жаңа автобус  алу жоспарлануда. Сонымен қатар, көлік тығыны жиі орын алатын 5 жерден жолайрықтар салу жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі таңда, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Қаланың көгалдандыру жұмыстарына тоқталған Ғ.Əбдірахымов өткен жылы 100 мың түп ағаш отырғызылса, биыл 112 мың түп ағаш егу жоспарланғанын жеткізді. Биылғы жылдың көктемінде оның 32 мыңы отырғызылып, ал қараша-желтоқсан айларында 72 мың түп жасыл желек егілмек.
Жоғарыда аталған мәселелерге қанық болған өңір басшысы қаланы көгалдандыруды әуежайдан бастау қажеттігіне тоқталып, шаһарды жасыл желекке айналдырып, Шымқала атына лайықты етуді міндеттеді. Сонымен қатар, шаһарға отырғызылатын ағаштар санына емес сапасына және сұрыпына назар аударуды атап өтті.
Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев 2012 жылы бекітілген алғашқы бас жоспарда тұрғын үй қорының 60 пайызы көпқабатты болу керек болса, бүгінде бұл көрсеткіш небары 30 пайызға ғана жеткенін сынға алды. Осыны ескерген әкім Шымкентте баспанасыз жүрген жастарға қол жетімді болу мақсатында әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салып, қала шетіндегі жасыл белдеудің көлемін 3 мың га-ға дейін ұлғайту керектігін айтты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 жұлдызды күн

d9919330c90fd183a1b745e38de54ba7«25 жұлдызды күн»! Алматы облысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын осындай ұранмен қарсы алмақ. Аймақта мерейтойлық датаны кең көлемде атап өтудің кешенді жоспары әзірленді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекенің негізгі бағдарламасына қосымша айтулы күнге айшықты реңк беретін 25 ірі шара облыс тұрғындарына ерекше сый болмақ. «25 жұлдызды күн» 21 қарашадан басталып, 25 желтоқсанға дейін жалғасады.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Р. Алпысбаевтың айтуынша, мерейтойлық шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын  қамтиды. Атап айтқанда, жұлдызды күндер аясында замануи кәсіпорындардың ашылуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, түрлі қайырымдылық шаралары, тұрғын үйлерді және басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды пайдалануға беру, спорттық жарыстар, кітаптардың, деректі фильмдердің тұсаукесерлері және басқа да шаралар бар.

— «25 жұлдызды күннің» аса ірі оқиғасының бірі ретінде бір күнде 25 балабақшаның қатар ашылуын атап өтуге болады. Олардың барлығы да мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынған.

Тағы бір маңызды шара облыстың 25 елді мекеніне көшпелі «Скрининг» шығып, медициналық қызмет көрсететін болады.

Облыстың 75 елді мекенін қамтитын «Жібек жолы» қайырымдылық шарасы да ерекше болмақ. Акция асында Сүйінбай атындағы облыстық филармония мен Б. Римова атындағы драма театрының, «Талдықорған әуендері» ансамблінің әртістері гастрольдік сапарға шығады, — дейді Р.Алпысбаев.

Мерейтой қарсаңында жаңа пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстау шаралары да ұйымдастырылып, Талдықорған қаласында 168 пәтерлі жалдамалы үй пайдалануға берілсе, Талғар қаласында жаңа 64 пәтердің иесі қуанышқа кенелмек.

«Талдықорған – бақ қала» акциясының жалғасы ретінде облыс орталығында 25 мың түп ағаш отырғызылады. Талантты жастар 25 күй орындап, бір мезетте 25 тақтада шахмат ойналады.

Сонымен қатар Қарасай, Қаратал, Кербұлақ аудандарында 3 мектеп ашылса, ғарышкер Айдын Айымбетовпен жұлдызды гид өткізіледі.

ОҚО әкімі Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

Кеше облыс әкімі Ж.Түймебаев облысқа іс-сапармен  келген Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында діни қызмет, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды.

600_148Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесу барысында дін саласындағы тұрақтылықты,  ұлтаралық келісімді  қамтамасыз етуде ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың  рөлін  ерекше атап өтіп, бірде-бір мемлекетте теңдесі жоқ ұлтаралық келісімнің бірегей институты — Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуында Елбасының еңбегі зор екенін жеткізді.

Өз кезегінде, өңір басшысы діни бірлестіктердің, әсіресе, Орыс православ шіркеуінің бейбітшілік пен келісімді сақтауда, бір-біріне түсінікпен қарауда және өзара іс-қимылдардағы рөлін айта келіп, Оңтүстік Қазақстан облысында діни бірлестіктердің бірлесе қызмет жасаудың дәстүрі қалыптасқанын айтты. Ж.Түймебаев, бұл ретте ел Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан көптеген бейбітсүйгіш үлкен жұмыстардың, әсіресе, Қазақстанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің оңды нәтижесі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Орыс шіркеуінің Оңтүстік өңірі атынан Шымкент және Тараз епархиясының архиепископі Елевферий сөз сөйлеп, тұрақтылықты қамтамасыз ету мен конфессияаралық қарым-қатынастарды орнатудағы бірлескен жұмыстарда табыстар тіледі.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова елорда мектептерінде ашық дене шынықтыру сабақтарын өткізді

2Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова елорданың №37 және №27 мектептерінде «Астана» Президенттік клубының спорт менеджері, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконың қатысуымен ашық сабақтар өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Физкульт-Ура» жобасы балалар мен жасөспірімдерді тек спортта ғана емес, арманға ұмтылуға, табысқа жетуге ынталандырады. Олимпиада чемпиондары — Қазақстандағы миллиондаған балаға үлгі болатын адамдар. Әркімнің мақсатқа жетер жолы қиын, бірақ ең бастысы — тоқтамай, сол мақсатқа ұмтыла білу», — деді Дариға Шакимова.

Сабақтан кейін № 37 мектептің дәріс залында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды, оның барысында балалар спортшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Юрий Мельниченко жастардың биік жетістіктерге жету үшін мүмкіндіктері бар екенін, бірақ бұл үшін денің сау болып, дене шынықтырумен айналысу қажеттігін атап көрсетті.

«Физкульт-Ура» — Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қамқорлығымен өткізілетін, балаларды және жасөспірімді дене шынықтыру және спортпен айналысуға шақыратын жоба.

Әлеуметтік жоба Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында өтті. Оған Дмитрий Баландин, Гюзель Манюрова, Серік Сапиев, Ольга Шишигина, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Данияр Елеусінов, Эльмира Сыздықова сияқты әйгілі спортшылар қатысты.

Сарыағашта 400-ге жуық отбасы таза ауыз сумен қамтылды

600_147Сарыағаш ауданының Ошақты ауылдық округіндегі Саңырау елді мекеніне таза ауыз су берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
2016 жылдың маусым айында басталған ауыз су құрылысы жұмыстарын мердігер мекеме «Үш-Сай» ЖШС-і жүргізді.  Бүгінде 386 отбасы таза ауыз суға қол жеткізіп, каммуналдық қажеттілік шешімін тапты.
Ел қуанышын бөлісе келген аудан әкімі Қ.Әбдуалиев Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер жайын баяндап, тіршілік нәрі келгені  әрбір үйге үлкен мереке екенін атап өтті.
Жалпы ауданда 154 елді мекен болса, оның 69 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Ал 2017 жылға 32 елді мекенге ауыз су тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Алматы облысының делегациясы СҚО-да болды

a70851fae59f0f8d816a3fc571c7f198Солтүстік Қазақстан облысына Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың басшылығымен жетісулық делегация тобы келді.

Ең алдымен, қонақтар «Green park» демалыс кешенімен танысты. Аталған демалыс орны өткен жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. «Green park» алаңында монша, амфитеатр, балалар ойын алаңы орналасқан, ал қыста келушілер мұнда шаңғымен, конькимен сырғанай алады.

Әрі қарай делегация тобы Спорт сарайына барды. Мұнда Алматы облысының өкілдері жеңіл атлетика манежі мен мұз алаңымен танысып, солтүстікқазақстандық спортшылардың дайындық барысын бақылады.

Конференция залында қос облыстың екіжақты кездесуі өтті. Қонақтарды қарсы алған өңір басшысы Ерік Сұлтанов өңіраралық қатынастардың маңызына тоқталды.

«Осындай кездесулер табысты әрі нәтижелі болмақ. Мен бүгін Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстары арасында екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталатынына сенімдімін. 2015 жылы біз Қазақстанның барлық өңіріне 39 млрд. теңгенің өнімін тасымалдадық. Шамамен, осындай мөлшердегі өндіріс тауарлары республика өңірлерінен бізге жеткізілді», — деді Ерік Сұлтанов.

Алматы облысына Солтүстік Қазақстан облысынан кондитерлік, нан-тоқаш, макарон өнімдері, сондай-ақ, теле-радио қабылдағыштар тасымалданады. Өткен жылы эскпорт көлемі 3711,9 млн. теңгені құрады. Осы жылы Алматы облысына 7,6 мың тонна астық және бұршақ дақылдары, 113 тонна тұқым жеткізілген.

«Біз Алматы облысының өндірістік кәсіпорындарымен ынтымақтасуға дайынбыз. Әзірге бұл салада тауар айналымы реттелмеген. Бүгінгі кездесу кәсіпкерлер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді деген сенімдемін. Ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтасудың тамаша мүмкіндіктері бар. Біздің өңір тек қана өсімдік шауашылығы ғана емес, мал шаруашылығы, қайта өңдеу саласында да үлкен әлеуетке ие», — деп атап өтті Ерік Хамзаұлы.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жетісу өңірінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

«Біз соя, сірне, жүгері, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндірісінде көш басындамыз. Қант зауыттарын қалпына келтірдік. Биыл 6,8 гектар жерге қызылша отырғыздық, 22-24 мың тонна қант алуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, алма бақтарын да қайта дамыттық. Біз қос облыстың өзара тиімді ынтымақтастығының көптеген мүмкіндігін көріп отырмыз», — деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ, Алматы облысының әкімі өңірде фармацевтика, аккумулятор өндірісі, шағын және орта бизнес, мал шаруашылығы мен туризм салаларының жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.

Екіжақты ынтымақтастық болашағы туралы Солтүстік Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов баяндады. Ол бәсекеге қабілетті солтүстікқазақстандық зауыттар мен кәсіпорындар туралы толық ақпарат беріп өтті.

«Екі өңір арасындағы тауар айналымы шамамен, бес миллиард теңгені құрайды. Біздің өндірістік кәсіпорындарымыз машина жасау, металл өңдеу саласының өнімдерін кең ауқымда жеткізіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылауға әзір. СҚО-ның ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары Алматы облысына картоп, жұмыртқа, ұн, макарон өнімдерін, ірімшік, май, шұжық жеткізуге дайын», — деді Жанат Сәдуақасов.

Тақырыпты Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Маржан Мұрат жалғастырды. Мекеме басшысы облыстың 30-дан астам өндірістік кәсіпорындары өз өнімін СҚО-ға жеткізетіндігін, ал Солтүстік Қазақстан облысынан 40-тан астам тауар түрі Алматы облысына тасымалданатынын жеткізді.

«Біз өңіраралық қатынастарды дамытуға, Алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында өндірілетін өнімнің барлық түрі бойынша кәсіпкерлер арасында өзара сұхбат алаңын құруға барынша қолдау көрсетеміз», — деді Маржан Мұрат.

Өндірісті дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы ынтымақтастық жөнінде солтүстікқазақстандық «Сүтөнімі» ЖШС директоры Роза Сүлейменова мен Алматы облысының Балқаш ауданындағы «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Үшкемпіров айтып өтті.

Кездесу соңында қатысушылар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, сауда-экономика, ғылым мен техника және өзге де салалар бойынша алты меморандумға қол қойды.

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Ерік Сұлтанов Алматы облысының өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм саласындағы әлеуетінің ауқымды екенін атап айтты.

«Біз СҚО-ға Алматы облысынан көкөніс пен жеміс тасымалдаудың мүмкіндігі зор. Біздің облыстың көлік логистикасының бірлескен жұмысқа пайдасы тиеді. Алдағы уақытта екіжақты тауар айналымы еселене түсетініне сенімдімін», — деді өңір басшысы.

Амандық Баталов қос өңір ынтымақтастығын арттырып, екіжақты тауар айналымын жандандыру қажеттігін жеткізді.

«Біз СҚО-ның өндірістік кәсіпорындарына сірне немесе талдықорғандық аккумуляторларды және басқа да заттарды тасымалдай аламыз. Ең алдымен, біз Солтүстік Қазақстан облысынан ұн жеткізуге тәуелдіміз. Бұдан бөлек, біздің өңір осында құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникаларына мұқтаж. Бүгінгі кездесу қос облыс ынтымақтастығының бастамасы ғана деп ойлаймын», — деді Амандық Баталов.

Екіжақты ынтымақтастық кездесуінен соң қонақтар Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарын аралады. Бірінші нысан «ҚазТехМаш» машина жасау зауыты» ЖШС болды. Мұнда ауыл шаруашылығы техникалары, соның ішінде «SAMPO Asia» комбайндары, шөп шабатын машиналар, тіркемелер, тырмалар, сұрыптауыштар жасалады.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов солтүстікқазақстандық техникалар бағасының қолжетімділігін атап өтті.

Әрі қарай делегация тобы «Петромали компани» ЖШС-на барды. Мұнда Алматы облысының өкілдері астық өңдеу мен ұн өндіру барысымен танысты. Диірмен айына 2 мың тоннаға дейін ұн шығара алады. Айта кету керек, компания өз өнімін Қырғызстан, Ресей, Ауғанстан елдеріне тасымалдайды.

«Зенченко және К» командиттік серіктестігі мен «Қазетөнім» ЖШС-да қонақтар «СҚО-да жасалған» маркасының өнімімен танысты.

Астық өңдеу жұмысымен танысу «ТНС-Экспорт» ЖШС-да жалғасты. 2014 жылы инвесторлар мұнда 8 млрд. теңге құйған болатын. Алдағы уақытта кәсіпорын негізінде майэкстракциялық зауытын салу жоспарланған.

Компанияның негізгі қызметі – астық қабылдау, кептіру, сақтау, тиеу және жөнелту. Биыл мұнда 30 мың тонна астық әкелінді және Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттеріне экспортталады.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде қонақтарға ұлы қолбасшы, мемлекет қайраткері Абылай хан және ғимарат тарихы туралы мәлімет берілді.

Бұдан соң Алматы облысының өкілдері Н. Погодин атындағы орыс драма театрының 130-шы мерейтойлық маусымының салтанатты ашылуына қатысты.

Жұмыс сапарының екінші күнінде Жетісу өңірінің делегация тобы «Зенченко және К» КС-де болды.