Домой Блог Страница 57

Астанада балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 84,2% құрайды

c2016 жылы Астана қаласында 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейі 84,2% (2015 ж. 64,5%) жетті. Бұл туралы брифинг барысында БАҚ өкілдеріне Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Астанада жаңа мемлекеттік балабақшаларды қолданысқа берудің арқасында мектепке дейінгі ұйымдарда орындар тапшылығы азайтылып отыр. 2016 жылы 2 балабақша пайдалануға берілді: Көктал ауданында санаторлық үлгіде (200 орынға шақталған №85 «Мейіржан» балабақшасы) және 240 балаға арналған №91 «Еңлік». 2015 жылы 2 340 орынға шақталған 10 балабақша ашылды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда елордада 49 472 баланы қамтитын түрлі үлгідегі 260 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде: 95  мемлекеттік; 2  ведомстволық; 115  жекеменшік; 48  шағын орталық. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар арасындағы балабақшаға кезек 25 550 баланы құрайды.

2016 жылдың 1 қазаны бойынша Астанада  6 жасқа дейнгі балалардың саны 87 947 жетсе, оның ішінде 78 606 бала мектепке дейінгі мекемелерде орын алуға кезекке қойылған. Жылда туу көрсеткішінің және көші-қон үрдістерінің артуына байланысты мектепке дейінгі жастағы балалардың қатары көбейіп келеді. Күн сайын мектепке дейінгі мекемеден орын алуға кезекке 90 бала тіркеледі.

Сондай-ақ, Қасымхан Сенғазыев 2017 жылдан бастап балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде www.e.astana.kz сайты арқылы берілетінін хабарлады. Оның айтуынша, бұл мөлдірлікті қамтамасыз етеді. Ата-аналар үйлерінен шықпай-ақ, балабақшаларға арналған жолдамаға ие болады.

Электрондық жүйе пилоттық түрде іске қосылған. Оған сәйкес жолдамалар мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшаларға берілуде. Жолдамаларды мемлекеттік балабақшаларға беруге қатысты ата-аналардың дерекқорын өзектендіру мәселесі пысықталу үстінде. Ересек топтардағы балалар мектептерге барғаннан кейін бос орындарды бөлу жұмыстары жүргізіледі.

Астана әкімдігінде «ЕХРО-2017» көрмесі өтетін кезеңдегі қоғамдық қауіпсіздік талқыланды

c-2Астанада «EXPO-2017» көрмесі өтетін кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7,5 мың адамды, соның ішінде ішкі істер органдарының 5 мыңнан аса қызметкерін, Қорғаныс министрлігінің және басқа да мүдделі органдардың 1,5 мың  әскери қызметкерін, сондай-ақ, жеке меншік ұйымдардың 600-ден аса қызметкерін тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін сарапшы жұмыс тобының отырысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімнің төрағалығымен өткен кеңестің жұмысына ҚР бас прокуроры Жақып Асанов, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, «EXPO» ұлттық компаниясының басшылығы, сарапшы топтың мүшелері, «Аstana Innovations» және «Аstana LRT» компанияларының өкілдері қатысты.

Әсет Исекешев дер кезінде әрекет ету, тартылған күштер мен құралдарды басқару және үйлестіру үшін Астанада өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен, соның ішінде бейнебақылау операторларынан Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы құрылатынын ерекше атап көрсетті.

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы Конвенш Бюромен бірлесіп 1500 еріктіні іріктеп алып, оларды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ» оқытуда. Қазіргі уақытта құқық қорғау және арнайы органдардың бұрынғы қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, әскерилерді және т.б. қауіпсіздік бойынша волонтерлар ретінде тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қажет болған жағдайда біз қосымша волонтерларды тартып, қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Әсет Исекешев.

Еске салсақ, 2016 жылдың 14 шілдесінде Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық және оны өткізу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері талқыланып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданды.

Бүгінгі күні сарапшы топ көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар нормативтік актілердің жобаларын және оларға түзетулер дайындады, «ЕХРО-2017» «Қауіпсіздік бойынша сіздің гид» мобильдік қосымшасы бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізіліп қаланың өртке қарсы қауіпсіздік және жедел қызметтерінің дайындық жағдайы тексерілді.

Сондай-ақ, халықаралық сарапшылардың консультативтік көмегі туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, әкім универсиадалар өткізіліп, қауіпсіздік мәселелері бойынша нақты алгоритм әзірленген Қазан және Сочи қалаларының тәжірибесін зерттеуді ұсынды. Жалпы алғанда, халықаралық көрмені өткізуге 150 күн кетеді, соның ішінде, 93 күн шараны өткізуге, ал қалғандары шетелдік азаматтардың келуі, логистика және дайындық жұмыстарына жұмсалады. Сондықтан тәжірибе және ақпарат алмасу үшін сарапшы топты Қазан және Сочиге аттандыру қажет, деп атап көрсетті Әсет Исекешев.

«Шабыт» фестивалінде 644 қатысушы бас жүлдені сарапқа салады

c-1Қарашаның 3-і мен 8-і аралығында Астанада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді. Конкурсқа қатысуға 644 адам өтінім берген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің ішінде 192-сі «Бейнелеу өнері» номинациясында, 154-і «Хореография» және 134-і «Халық музыкасы» номинациясында шеберлік байқасады. Соңғы номинацияда қатысушылар домбыра, қобыз-прима, қылқобыз, шертер-бас шертер мен прима домбыра аспаптарында ойнайды.

Басқа үш номинация бойынша 164 өтінім келіп түскен, соның ішінде «Үздік әдеби шығарма» номинациясында — 45, «Классикалық музыка» — 77 және «Эстрадалық вокал» — 42.

Биыл елордалық жастар белсенділік танытып отыр, «Шабыт» фестиваліне Астанадан 175 адам қатыспақ, ал қалған өтінімдерді Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ, шет мемлекеттерден – Әзербайжан, Бурятия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан келетін үміткерлер ұсынған.

Бұрын хабарланғандай, конкурсанттарды іріктеу үш турмен өтеді. Қатысушылардың репертуары мен әрбір музыкалық аспапқа арналған шығармаларды ұйымдастырушылар алдын ала белгіледі. Әрбір номинация бойынша конкурсты өткізу бағдарламасы мен өткізу орны туралы толық ақпарат www.shabyt.astana.kz сайтында жарияланған.

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі 19-шы рет өткізіліп отыр. Аталған шара өнер әлеміндегі маңызды оқиға болып табылады. Бұл — жас дарындарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Осы күнге дейін фестивальға өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан астам адам қатысқан. Тұрсынбек Қабатов, Қалқаман Сарин, балет әртістері Гүльфайруз Құрманғожаева мен Әйгерім Бекетаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері опера әншісі Айгүл Ниязова және басқа да танымал тұлғалар әр жылдары фестивальға қатысып, Гран-при иегерлері атанған.

Алматы облысында кәсіпкердің мәселесі шешілді

20160915171918Алматы облысында бір жыл бойы түрлі кедергілерге тап болған кәсіпкердің мәселесі шешілді деп, хабарлайды ҚазАқпарат.

Талғар қаласының тұрғыны  Мақсұт Ибраев жер телімінің мақсатты бағытын өзгерте алмай бір жыл бойы сандалған. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері әр түрлі себептермен кәсіпкерге тиесілі жер телімінің мақсатты бағытын өзгертуден бас тартып келген. Тығырыққа тірелген кәсіпкер  Мақсұт Ибраев Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасына жүгінуді шешкен. Қыркүйек айының соңында жолыққан кәсіпкердің мәселесі көп ұзамай шешімін тапты.

«Бүгінгі таңда Жер комиссиясы оң қорытындысын шығарды және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы дайындалды», — дейді Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Думан Керімбаев.  Заң бөлімінің жұмысына риза болған кәсіпкер  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің атына Алғысхат жолдаған.

«Сізге және Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне бізді қолдап, дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Думан Керімбаевқа жеке алғыс айтамын. Оның тәжірибесі мен келіссөздер жүргізудегі біліктілігінің арқасында менің мәселем сотқа жетпей шешілді», — делінген алғыс хатта.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың алғашқы 9 айында Палатаға жеке және заңды тұлғалардан 3867 өтініш келіп түсті. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың 876 сұрауы бар. Жүргізілген сараптаманың нәтижесінде, өтініштердің 455-і заң бөліміне бағытталған. Оның 270-і құқық қорғауға, 185-і іс жүргізу құжаттарын дайындау бойынша кеңес алу мен көмек көрсетуге байланысты.

ОҚО-да 120-дан астам шетелдік ғалымдар қатысқан ІІІ халықаралық конференция өтуде

43b47ce3-f104-42ec-a1a0-af60100e8ea6Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Өндірістік технологиялар және инжиниринг»  атты ІІІ  халықаралық конференция  өтуде, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму перспективасы мен ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерциялау мәселелері қаралған конференцияға облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Парламентінің өкілдері, Италия, Германия, Индонезия, Америка Құрама Штаттары, Словакияның шетел дипломатиялық қызмет — елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері қатысты.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және табиғат пайдалану мен халықаралық экология академияларының академигі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бишімбаев Уалихан Қозыкеұлының 70 жылдығына арналып отырған конференция жұмысына 46 елден 120-дан астам белгілі ғалымдар қатысуда.

 Халықаралық конференцияда бандама жасаған облыс әкімі еңбектің ең үлкені – Білім екенін атап өтіп, жаһандану процесі барысында біз білім  сапасына ерекше көңіл бөлуіміз қажеттігін назарға алды.

«Соңғы жылдары республикамызда ғылымның барлық салалары үлкен ірі жетістіктерге қол жеткізді. Осы жетістіктерге үлес қосып отырған Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  ұжымының орны бөлек. Еліміздің ғылыми саласында университет,  көптеген жылдар бойы жоғарғы дәрежеге ие болып келеді, көптеген жетістіктер мен марапаттары бұған куә. Бұл, ғылыми мектептердің ары қарай дамуының кепілі. Бүгінгі өткізгелі отырған конференция осы ғылыми мектептің негізін қалаушы техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Қозыкеұлына арналуда»,-деді әкім.

Сөз соңында Ж.Түймебаев «Өндірістік технологиялар және инжиниринг» атты үшінші халықаралық конференцияның жұмысына сәттілік тілей отырып, университеттің барша профессор-оқытушылар құрамына алдағы еңбектеріне шығармашылық шабыт, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Конференцияның секция жұмыстары химиялық технологиялар, мұнайхимия, био — және нано технологиялар, құрылыс, тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешені, экология және табиғатты тиімді пайдалану, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық арнайы көрме форматындағы жаңартылған энергетика, энергияны сақтау және АТ-технологияларды дамытудың перспективті бағыттары бойынша жүргізілуде.

Медиация — келісім кілті

14884555_390439914678122_2854878304435702220_oЕлбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында медиацияны дамытуды ҚХА қызметінің маңызды бағыттарының бірі ретінде белгілеп берді.

Соған сәйкес ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы облысымыздың аудан, қалаларында арнайы семинарлар ұйымдастырып келеді. Бүгін Мақтарал ауданында өткен семинарға ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Хасан Бациев, облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, аудандық соттың судьялары, ауыл әкімдіктерінің заңгерлері мен кәсіби емес медиаторлары қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында «Медиация туралы» Заңның талаптары кеңінен түсіндіріліп, оны дамытудың жолдары ортаға салынды.

Айта кету керек, «Қоғамдық келісім» КММ-да техникалық құралдармен, әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген медиация кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Жыл басынан 326 адамға кеңес беріліп, қабылдауға келген 19 азаматқа кәсіби медиаторлар құқықтық жәрдем көрсетті. Медиаторлар туралы дерекқор түзіліп, 4 медиация орталығымен байланыс орнатылды. Кәсіби емес медиаторлардың біліктілігін арттыру үшін 10 аудан, қалада семинарлар ұйымдастырылды. Облыстық сотпен, әділет департаментімен, нотариаттық палатамен және адвокаттар алқасымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум түзілді.

Астана қаласының театрлары Орталық Азия фестивалінде үздік атанды

cАстана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және «Жастар театрының» ұжымы Орталық Азия мемлекеттерінің VI Халықаралық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспаасөз қызметі. Фестиваль қазанның 24-інен 27-сіне дейін Талдықорған қаласында өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан және Өзбекстанның үздік ұжымдары қатысты.

Елордалық қазақ драма театрының актерлары А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясының желісі бойынша қойылған спектакльді көрсетіп, Гран-при иеленді.

Спектакльді қоюшы танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығының иегері — Сергей Потапов. Басты рөлді сомдаған — «Золотой Витязь-2015» халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева, сондай-ақ, сахна төрінде «Қаллеки» театрының артистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері – Кеңес Нұрланов, Қуандық Қыстықбаев, Нұркен Өтеуілов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері — Сырым Қашкабаев және т.б. өнер көрсетті.

Қаллеки театрының жеңісі Астанадан барған қатысушылардың жалғыз жетістігі емес. Елордалық «Жастар» театрының ұжымы да VI Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық театр фестивалінде бірінші орын алды. Театр актерлары Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымымен (қоюшы режиссёрі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, «Жастар театры» үшін бұл мерейтойлық маусым – ұжым алғаш рет 10 жыл бұрын сахнаға шыққан. «Жастар театры» мерейтойлық театр маусымын біраз жеңістермен атап өтті. Театрдың шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласында XXIV Республикалық драма театрларының фестивалінде Гран-при алса, Беларусь Республикасында ХХI «Белая вежа» Халықаралық театр фестивалінде Ә. Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфсанасы «Поэтикалық әфсананы көріністі жеткізу» арнайы сыйлығына ие болды. Орталық Азия мемлекеттерінің театрларының фестиваліндегі жеңістері — ұжымның маусым басталғалы қол жеткізген үшінші жетістігі.

Қоғамдық кеңестің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшелері елорданың проблемалық нысандарын аралады

c-9Қоғамдық кеңестің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшелері елорданың проблемалық нысандары — құрылыс жүргізушілер бірнеше жыл бұрын тапсыруға тиіс салынып бітпеген тұрғын үйлерде болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Үлескерлерден қаржы алып, құрылысты тоқтатып қойған бұрынғы бас мердігерлерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Проблемалық үйлердің алдағы тағдыры — сот шешіміне ғана байланысты.

«Біз 2 миллиард теңгеден астам қаржы құйдық, үйдің 1/3 бөлігі ғана салынған. Бас мердігер телефонға жауап бермейді», — дейді үйлердің бірінің үлескері Жанна Уватаева.

436 пәтерден тұратын басқа нысан 2013 жылы пайдалануға тапсырылуы тиіс еді. Құрылысты аяқтау міндеті жүктелген қазіргі тапсырыс беруші оны өз қаржысына салып жатыр, бірақ қаражат жеткіліксіз.

«Бізге ең бастысы — активтерді ашу. Бухгалтерлердің есептеуінше, сол активтер бізге барлық құрылыс жұмыстарын аяқтауға жетеді», — дейді тапсырыс беруші компания директорының орынбасары Қайрат Әділбаев.

Компания өкілі комиссия мүшелерін құрылысты келесі жылы аяқтайтынына сендірді.

«Біз қоғамдық кеңес ретінде ұсыныстар айтамыз. Үлескерлермен кездесіп, барлық мәселелерді талқылаймыз. Үлескерлердің айтқандарын тыңдап, ұсыныстар әзірлей бастаймыз. Ол ұсыныстарды әкімдікке жібереміз. Егер қажет болса, жоғары тұрған органға да шығамыз», — деп атап көрсетті Астана қ. қоғамдық кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Мұхтар Еркетаев.

ОҚО әкімі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың жетекшілерін қабылдады

yasauiБүгін өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Муса Йылдызбен кездесті. Басқосуға аталған оқу орнының Президенті Уәлихан Әбдібеков пен университеттің бірінші Вице президенті Мехмет Куталмыш та қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар бауырлас елдердің ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбітіп, бұл жұмыстарды одан әрі дамыту жайын сөз етті.

Қос мемлекеттің білім, ғылым, медицина, кәсіпкерлік сынды көптеген салаларда бірлескен жобалар жасауы қажеттігіне тоқталған мәртебелі меймандарға, өз кезегінде, аймақ басшысы алғысын білдіріп, қонақжай Оңтүстік өңірі туыстық қатынасқа қашанда дайын екенін жеткізді.

Елназ Нұрсейітова Астананың ең сұлу аруы атанды

18 жасар Елназ Нұрсейітова 1 000 000 теңге жүлдеге және «Қазақстан аруы-2016» Ұлттық байқауына қатысу құқығына ие болды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана аруы — 2016» атану үшін финалған шыққан 17-23 жас аралығындағы 20 бойжеткен сайысқа түсті.

Нұрлы көзқарас, маржан күлкі, жарқын келбет — финалға шыққан әрбір арудың сұлулығы ерекше. Олардың табиғи сұлулығына харизмалық қасиет, кербездік, ақыл және дарынды қосыңыз. Бойжеткендер сахнаға сақ патшайымы, қазіргі заман бикеші және кербез ару бейнесінде шығып, осы қасиеттердің барлығын көрсете білді.

«Сұлу бойжеткендер көбейіп келеді. Олар сыртқы сұлулық туралы ғана емес, рухани даму туралы да ойлайды, музыкамен, хореографиямен айналысып, тіл меңгереді, сол себепті жыл сайын ең сұлу аруды таңдау қиындап барады» — дейді сұлулық байқауының директоры, қазылар алқасының мүшесі Ольга Радеш. Осыған байланысты құрамында эстрада жұлдызы Әли Оқапов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев болған қазылар алқасы бірден шешім шығара алмады.

Төрешілер ұзақ уақыт кеңескен соң, байқаудың Үшінші вице-ару атағына Есімова Бибінұрды лайық деп тапты. Екінші Вице-ару — Екатерина Подгородецкая, бірінші вице-ару Жорабекова Бегайым атанды, ал байқаудың Гран-при жүлдесін Елназ Нұрсейітова иеленді, енді ол «Қазақстан аруы — 2016» Ұлттық байқауында елорда намысын қорғайды.