Домой Жаңалықтар Әлем Жазира Жаппарқұл — Олимпиаданың күміс жүлдегері

Жазира Жаппарқұл — Олимпиаданың күміс жүлдегері

Жазира Жаппарқұл — Олимпиаданың күміс жүлдегері
Жазира Жаппарқұл - Олимпиаданың күміс жүлдегері Рио Олимпиадасында өткен ауыр атлеттер арасындағы сында жерлесіміз Жазира Жаппарқұл күмістен алқа тақты.

69 келіге дейінгі салмақтағы зілтемірші қыздардың бәсекесінде ел намысын қорғаған Жазира серпе көтеруде алдымен 111, кейін 115 келіні бағындырды. Алайда, үшінші мүмкіндігінде Жазираға 117 келі бағынған жоқ. Ал Жазираның басты қарсыласы қытайлық атлет 116 келіні бағындырды.

Серпе көтеруде Жазира 140 келіні екінші мүмкіндігінде көтеріп, соңғы мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді. Осылайша қазақ қызы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Алтын медаль Жазирадан екі келі артық көтерген қытайлық қыздың еншісінде кетсе, қоланы мысырлық атлет иеленді.

Еске сала кетейік, қазақ қыздары бүгінге дейін Олимпиада тұғырына көтерілген емес.

Жазира Жаппарқұл 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 8 жасынан бастап ауыр атлетикамен айналыса бастаған. Жаттықтырушысы — Рашит Төлегенов. Ол жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындарының бес күнінде Қазақстан қоржынына жеті медаль түсті. Еліміздің көк туын желбіретіп, Алаштың айбынын асқақтатқан екі алтынды Ниджат Рагимов (ауыр атлетика) пен Дмитрий Баландин (жүзу) алса, қос күміс Елдос Сметов (дзюдо) пен Жазира Жаппарқұлдың (ауыр атлетика) еншісінде. Ал үш қоланы Отгонцецег Галбадрах (дзюдо) пен Фархад Харки және Карина Горичева (екеуі де ауыр атлетика) иеленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here