Домой Жаңалықтар Қоғам Елордада 3000 астам адам экскурсиялық автобуспен жүрген

Елордада 3000 астам адам экскурсиялық автобуспен жүрген

Елордада 3000 астам адам экскурсиялық автобуспен жүрген

Елордада 3000 астам адам экскурсиялық автобуспен жүргенЕлорда тұрғындары мен қонақтары қаланы екі қабатты автобуспен аралап, көрікті жерлерді тамашалайды. Экскурсиялық автобустар 27 маусымда жүре бастады. Осы күнге дейін онымен үш мыңнан астам адам жүрген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сол жағалаудағы басты көрікті орындардың қалыптасу тарихымен аудиогид жүйесі арқылы танысуға болады.

Қазіргі кезде қала бойынша үш автобус қатынайды. Олар «Думан» ойын-сауық орталығынан шығып, «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына, ҚР Ұлттық музейіне және «Бәйтерек» монументіне барады, содан кейін бастапқы нүктеге оралады.

Маршруттың жалпы ұзындығы — 17 км жуық, сапар орта есеппен 1 сағат 20 минутқа созылады. Алдағы уақытта автобус бағдарын ЭКСПО халықаралық көрмесінің нысандарына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Экскурсия кезінде қонақтармен бірге гидтер де жүреді, билеттерді «Думан» ОО мен «Бәйтерек» монументінің жанынан немесе гидтерден сатып алуға болады. Күніне орта есеппен 180 жуық адам экскурсиялық автобуспен жүретінін айта кеткеніміз жөн.

Автобустарда өте ыңғайлы аудиогид жүйесі орнатылған. Жолаушылар құлаққаптардың көмегімен қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде әңгімелер тыңдай алады. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дейін жүйеге түрік, неміс, француз, испан тілдерін қосу жоспарланған.

Айта кетейік, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жақын арада автобустар кешкі қаланы тамашалауға арналған ашық қызыл және сары түсті фирмалық орамалдармен толыға түспек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here