Бүгінгі таңда банктердің, лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 11,8 млрд теңгені құрайтын 55 жоба мақұлданды. Несиелерге жартылай кепілдік беру бойынша жалпы сомасы 902,1 млн теңгені құрайтын 22 жобаға және 233,4 млн теңгелік бір жобаға өндірістік индустриалды инфрақұрылым тартуға қолдау көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы қолға алынғалы жалпы құны 96,4 млрд теңгенің 542 жобасы мақұлданды. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша несие желісінің жалпы құны 93 392,4 млн теңгені құрайтын 486 жоба, несиелерге кепілдік беру бойынша несие желісінің жалпы құны 4,6 млрд теңгені құрайтын 110 жоба сәтті рәсімделді.
Өндірістік инфрақұрылымда – электр қуатымен қамту, жолдарды жөндеу, кәріз және басқа салаларда 3 млрд теңгелік 36 жоба мақұлданды. Грант аясында 59,9 млн теңгелік 20 жоба табысты іске асырылып жатыр.