Домой Жаңалықтар Қоғам Жәрмеңкеде мектепке қажетті тауарларды төмен бағамен сатып алуға болады

Жәрмеңкеде мектепке қажетті тауарларды төмен бағамен сатып алуға болады

Жәрмеңкеде мектепке қажетті тауарларды төмен бағамен сатып алуға болады

Жәрмеңкеде мектепке қажетті тауарларды төмен бағамен сатып алуға болады20-21 тамызда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында сағат 10-да қала әкімдігінің алдындағы алаңда Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының кәсіпкерлері мен тауар өндірушілерінің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына әдебиеттер, мектеп формасы, спорт киімі мен аяқ киімі, кеңсе заттарының мол ассортименті 10-50 пайыздық жеңілдікпен ұсынылады.

– Өзге өңірлерден келгендер, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, ірі сауда орталықтарынан киім-кешек сатып алуға ақшасы жоқ азаматтар жәрмеңкеде өз балаларын мектепке дайындау үшін қажетті заттардың бәрін табады. Онда бірінші қажеттіліктегі тауарларды төмендетілген бағамен алуға болады. Біздің мақсатымыз – бәрін формамен және мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету. Егер бала 1 қыркүйекке дайын болмаса немесе оны мектепке қабылдамаса 55-72-49, 55-68-74, 55-74-67 телефондары бойынша қауырт желіге хабарласуға болады, – дейді Астана қаласының білім басқармасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова.

Айта кетейік, жәрмеңкеде қоғамдық қабылдау өткізіледі. Қалалық Білім басқармасының заңгерлері мен өкілдері халыққа кеңес береді.

Шара барысында елордалық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here