Домой Жаңалықтар Спорт Астанада кроссфиттен халықаралық чемпионат басталды

Астанада кроссфиттен халықаралық чемпионат басталды

Астанада кроссфиттен халықаралық чемпионат басталды

Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда кросфиттен кәсіпқойлар арасындағы чемпионат жалауын көтерді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Дүбірлі дода елордамызда екінші рет өткізіліп жатыр. Жарыста Қазақстанның аймақтарының және ресейлік атлеттер күш сынасады.

Астанада кроссфиттен халықаралық чемпионат басталды

Жарысқа қатысушылар екі күн бойы дене жаттығуларының жеті түрінен сайысқа түседі, соның ішінде ауыр атлетикалық, гимнастикалық, кардиожаттығулар және басқалары бар.

— Кроссфит – адамның дене даярлығын жан-жақты дамытуға бағытталған спорт. Нағыз кроссфиттер барлық жүктемелерге дайын болуы керек. Осы күндері біз осыны тексеретін боламыз, — деді CrossFit Astana директоры Ерік Қарабаев.

Жарыста 50 жуық атлет елорданың намысын қорғайды. Турнирге жақында ашылған «Теміртау батыр» клубының кроссфиттері қонақ ретінде келіп отыр.

— Былтыр өткен турнир біздің алғашқы жарысымыз болды. Өз бағымызды сынауға келдік, спортқа беріліп кеттік. Онымен шындап айналысатын болдық. Бұл ерекше спорт, спортшы бәрін білуге тиіс, жарысқа келгенде небәрі бір аптаның ішінде оған дайындалып үлгеруің керек. Басқа спорт түрлері ондай емес, — дейді «Теміртау батыр» клубының қатысушысы Владислав Терехин.

c8d81cad78754489e792b4914f3.jpeg

Айта кетейік, ертең стадионда чемпионаттың ақтық сыны өтеді. Ал 20 тамызда елордада  CrossFit Astana Bolashak Cup 2016 корпоративтік турнирі, 27 тамызда кроссфиттен әуесқойлар арасындағы жарыс ұйымдастырылады. Оған 200 астам адам қатысады деп күтілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here