Домой Жаңалықтар Қоғам Кәсіби мереке құрметіне арналды

Кәсіби мереке құрметіне арналды

Кәсіби мереке құрметіне арналды

Кәсіби мереке құрметіне арналдыЖуырда Талдықорғандағы «Жастар» Спорт кешенінде салық және кеден қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті, деп жазады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлерін осы мерейлі мерекемен облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Турлашов пен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады. Олар салық және кеден органдары қызметкерлерінің тындырымды еңбегіне алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Тәуелсіздік жылдарында біздің облысымыз өз дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің берекелі де жүйелі жұмысының арқасында барлық деңгейдегі бюджетке салық және кеден түсімдері қамтамасыз етілді. Осы мерекеде әріптестерімді, сол сияқты салық қызметкерлерін ортақ жетістіктерімізбен құттықтағым келеді, – деді өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Құлмұханбет Исақов.

Салтанатты жиында саланың ардагерлері мен үздік қызметкерлері марапатталды. Ведомствоның елуден астам қызметкеріне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен облыстық департаменттің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары беріліп, төсбелгілері тағылды.

Салтанатты жиынның соңы мини-футболдан жолдастық кездесу ойынымен аяқталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here